Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел декрет демалысына шығамын деп жұмыстан шығып қалғанына шағымданды

Фото: Qazaqgaz/Pixabay.com

Қазақстандық әйел декрет демалысынан кейін жұмыстан шығып қалғанын айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дана Ақтанова Qazaqgaz компаниясында жұмыс істеген екен. Кейін ол декрет  демалысына шыққан. Бірақ декреттен кейін жұмыссыз қалып қойған. Ол оқиғасын Threads желісіне жазды.

“Декреттен уақытынан бұрын шығуға шешім қабылдадым. Алайда олар бас тартты. “Сенің орның бос емес” деді. Мені бір ай бұрын жұмыстан шығарып, орнына басқа адам алғандарын ескертпеді. Тек WhatsApp арқылы жұмыстан босату туралы бұйрық жіберіпті. Оған мен қол қойған жоқпын, ресми түрде көрмедім”, – деді Ақтанова.

Ол сотта жеңіліп қалды. Енді Жоғары сотқа шағымданған.

“Бұл – менің ғана емес, мыңдаған әйелдің басынан өткен оқиға. Біз декрет демалыcына шығамыз, содан соң бізді жай ғана алып тастайды. Маған декреттен шығару туралы бұйрық хабарланбады. Маған бұйрық ауызша да, жазбаша да берілген жоқ, оның мазмұнымен де таныс емес едім. Мен оның бар екенін жұмыстан шығарылғаннан кейін жұмыс берушіден жұмыстан босату туралы құжаттарды сұраған соң білдім. Иә, мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жазғам. Олар бұл арызды алып, мені бірден жұмыстан шығарды. Ерте декретке шығу туралы жазбасам, бала 3 жасқа толғанша күтер еді”, – деді ол.

Stan.kz тілшісі жағдайды анықтау үшін Qazaqgaz-дан пікір сұрады. Компания Ахтановаға тікелей жұмыс беруші болмағанын мәлімдеді. 

“Ол Samruk Business Academy жекеменшік мекемесіне жұмысқа орналасқан. Ұлттық компания арасында жасалған келісім негізінде хатшы-референт қызметіне уақытқа кірген. Онымен қызмет көрсетуді тоқтату еңбек шартына сай және заң шеңберінде жүзеге асты”, – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі. 

Яғни ол Qazaqgaz компаниясына қарасты Samruk Business Academy-де қызмет еткен екен.

Заң бойынша декрет демалысына шыққан әйелдің жұмыс орны сақталады. Оның орнына келген қызметкер уақытша негізде әйел декрет демалысына шыққанша ғана алынады.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 11:21
Талқылау