LED-экрандағы интимді жарнама астаналықтардың ызасын тудырды (видео)
Фото: Freepik
Астананың орталығында, Keruencity сауда орталығына қарсы бетте орналасқан шолу дөңгелегі маңындағы картодромда көпшіліктің наразылығын тудырған оқиға орын алды. Көп жүретін бұл аумақта орнатылған LED-экранында әдепсіз, интимдік сипаттағы жарнамалар көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған бұл бейнежазба үлкен сынға ұшырап, қоғамда резонанс тудырды. Қала тұрғындары наразылық танытып, "Әкімдік қайда қарап отыр?" және "Неге полиция бұл үшін айыппұл салмайды?" деген сұрақтар қоюда.
Астана полиция департаменті жарнамаға қатысты пікір білдірді.
"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында LED-экранда орынсыз мазмұндағы хабарландыру ілінгені анықталды. Бұл факт тіркеліп, компания өкілдерінің қатысуымен тексеру жүргізілді. Басшылық хабарландыру жарияланған кезде заң бұзушылық Wi-Fi желісін бұзып кіру арқылы жасалғанын түсіндірді", — деді полицияда.
Осы факті бойынша материалдар жергілікті атқарушы органға жіберіліп, жарнама туралы заңның бұзылуына қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қарастырылып жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген