Шымкентте 50 миллион теңгеге "жұмаққа жолдама" сатылды
Фото: желі кадрларынан скрин
Желіде Шымкентте өткен бір шарада “Жұмаққа жолдама” сатып жатқан видео тарады. Жолдаманың құнын 1 миллион теңгеден басталып 50 миллион теңгеге дейін барады. Жұртшылық бұл жағдайды қызу талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеоға қарап көптеген жиналған ер адамдарды байқауға болады.
“Бірінші жәннаттың билетін сатып алды. Аллаһу әкбар! Бауырым орныңнан бір тұрып қойшы. Маш алла, бірінші болып жәннаттың билетін сатып алды.
Ал жәннатқа асығайық, жәннатқа таласайық! Осы жерде санап бересің бе? Мәссаған мына жерде қалтасында миллионмен жүрген жігіттер бар екен ғой. 3 миллионға талоны бар жігіт жоғары шығыңыз. Асығайық медресе саламыз деп намазымыз қаза болып кетпесін”, -делінген видео жазбасында.
Танымал әзілкеш Ғалымжан Құрманбек жүргізіп жатқан шарада осындай талондар саудаланған. Желі қолданушылары видео астында таласа пікір қалдырды.
“Мына жолдаманы алғасын бірден кету керек пе сонда?”, “Дамыған ел айға ұшып жатса, бізде жәннатқа билет сатып жүр”, “Дінді қаржы пирамидасына айналдырып жіберіпті”, “Кіре ме, кірмей ме қалай біледі?”, “Алланың өзі кешірсін бұларды”, – деп жазды жұртшылық.
Stan.kz тілшісі бұл жағдайға байланысты ҚМДБ-дан пікір сұрап көрді. Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы бұл шараның қайырымдылық мақсатта жасалғанын жеткізді.
“Мұсылман адам алллаға құлшылық жасап, Алланың разылығын алуы керек. Сол арқылы жұмақты үміт етеді. Сол секілді малын қайырымдылыққа, жақсылыққа жұмсау, садақа ету арқылы Алланың ризалығын көздеп, жұмағын үміт етеді. Жоғарыдағы видеода осы ұғым тікелей айтылып, өзара түсінбеушілік тудырып отыр екен”, – деді ол.
@domabeneta110684 Не сұмдық
♬ оригинальный звук - domabeneta

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
