Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Пәтер жалдап жүрміз": Алматыда бір топ адам ақшасын төлеп қойған пәтерлеріне екі жылдан бері кіре алмай жүргендерін айтып шағымданды

Фото: видеодан скрин

Алматыда жаңа үйдің құрылысына бар ақшаларын құйған үлескерлер екі жылдан бері тиісті баспанасының кілтін ала алмай жүр. Тұрғындар пәтер жалдауға немесе туған-туыстың үйін жағалауға мәжбүр екенін айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Баян Мұқатаева осы "М-Парк" тұрғын үй кешенінен бір бөлмелі пәтер алмақ болып, 18 миллион теңге төлеген. Баспананың бағаланған құнын 100 пайыз төлесе де, ол әлі жалдамалы пәтер жағалап жүргенін жеткізді. 

“Кілтті әне береміз, міне береміз деп, ай сайын келеміз, тек айтатыны құр сөз. Жұмыс әлі бітпеген, кран әлі тұр. 100 пайыз бітті, су қосу ғана қалды деп айтады. Бірақ ішіне кірсең, әлі бітпеген. Пәтер жалдап тұрамыз. Күтіп жүрміз, ешкім онымен шаруасы жоқ”, – деді Баян Мұқатаева.

Бұл кешеннен 200-ге жуық отбасы үй алған. Олар қоныстойды 2023 жылы тойлауы керек болған. Алайда ешқайсысы баспана алмаған. Құрылыс сапасы да көптің көңілінен шықпаған. Комфорт санаты деп алған үйлерінде жағдай жасалмаған.

“100 пайыз төлеп, 2023 жылдың қаңтарында алғам. Негізінде комфорт класс болуы керек, бірақ кіріп қарасаңыз, экономға да тартпайтын сияқты. Өз көзіммен айта алам, мамырдың соңына дейін бітіре алмайды. Оған 100 пайыз кепіл”, – деді Азамат Хамраев. 



Құрылыс компаниясының айтуынша, жоба құжаттарында мәселе туындаған. Қазір 16 қабатты зәулім үйдің әзірге екеуі ғана бітуге қалған. Ал қатарлас тұрған бір үйдің тек сыртқы құрылысы ғана аяқталған. Дегенмен компания осы айдың соңына дейін аяқтап береміз деп уәде берді.

“Біз өз жұмысымызды жасап жатырмыз. Қазір 95 пайызы бітіп тұр. Құрылыс жобасы бойынша аздаған мәселе туындағандықтан, сәл кешіктірдік. Бізде кепіл хаты да бар, осы айдың соңына дейін аяқтап береміз”, – деді құрылыс компаниясының өкілі Данияр Жексембинов. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 11:42
Талқылау