Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде қауіпсіз бол: Altel сенімді интернет кеңістігін жасады

21 ақпанда Tele2/Altel PR командасы "Желіде қауіпсіз бол" жобасын әзірлеп, іске асырғаны үшін әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік жөнінде үздік жобалар санатында "Ақ Мерген" арнайы сыйлығына ие болды. Қазақстандағы ең беделді алаң – Қоғаммен байланыс ұлттық ассоциациясының (ҚБҰА) бұл марапаты Tele2/Altel компаниясы үшін маңызды жетістік!

Барлығы қалай басталды? 

Tele2/Altel-дің қоғаммен байланыс директоры Ирина Илчовска жобаның қалай, қашан пайда болғаны туралы айтып берді. 

"Бұл идея бұрын банкте жұмыс істеген кезімде ойыма келген. Себебі қызметімде телефон мен интернет алаяқтарынан зардап шеккен біраз клиент жүгінген еді. Әдетте, олар қарапайым адамдар: біреудің әкесі, біреудің анасы мен бауыры болуы мүмкін. Олар мұндай жағдайда не істейтінін білмей, көмек сұрады. Көбіне банк заңды қолдау көрсету, өтеу шарттарын қайта қарау сияқты және т.б. көмек көрсетілді. 

Tele2/Altel командасына қосылған кезімде де бұл мәселенің азаймағанын, тіпті ушығып бара жатқанын түсіндім. Тіпті ұялы байланыс операторларын, дипфейктерді пайдаланып, балалар мен жасөспірімдерді арбауына түсіретін алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болған. Сонымен қатар салдарымен емес, себептерімен жұмыс істеу керек екені белгілі болды”, – деп бөлісті ол. 

Сол себепті біз түпкі себебін іздеп, нақты триггерлерді анықтауды бастадық. Осы туралы толығырақ айта кетейін.

Ирина Илчовсканың айтуынша, кейінгі 7-8 жылда Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдері арасында цифрлық көшбасшыға айналды.

“Цифрлық технологиялар өміріміздің әр бұрышына еніп кетті. Әрине бұл керемет! Дегенмен мұндай серпіліс цифрлық және қаржы сауатының да сондай деңгейде дамуын қажет етеді. Ал бізде олар теңдей дамыған ба?

Бірнеше фактілер келтірейін: 

  1. 2024 жылы әр 5-қазақстандық кибер алаяқтыққа тап болды;
  2. Қазақстандықтардың 60%-ы ғана қаржы және ақпараттық сауаттың базалық немесе озық деңгейін біледі;
  3. Елімізде қазақ тіліндегі сапалы және өзекті контенттің үлесі шамамен 15%-ға тең. Ал қазақстандықтардың 70%-ы өзекті ақпаратты тек ана тілінде алғысы келеді.

Осы жайттар жобаны қалыптастыруға негіз болды. "Желіде қауіпсіз бол" жобасының мақсаты  – қазақша аудиторияның цифрлық және қаржы сауатын арттыру”, – деп қосты ол.

3.2.1.0. Бастадық!

Tele2/Altel директорының сөзінше, 2024 жылдың шілдесінде әуелі баспасөз орталығының басшысы Ренат Алтайбаевпен бірге, екі аптадан кейін PR-маманы Ольга Джодорева қатарға қосылып, жұмысты бастаған.

“Бір аптадан кейін жобаның қаңқасы құрылып, миссиямыздың не екені белгілі болды: бостандықты шектемей, жақындарымызды қорғау.
Серіктестік үшін Stan.kz ақпарат алаңын таңдауымыз да кездейсоқтық емес. Stan.kz – еліміздегі ең құрметті және беделді қазақ тілді ақпараттық агенттіктердің бірі. Коммерциялық директор Валихан Джалмухамедов және бас редактор Назерке Мұсамен бірнеше кездесу өткізіп, жобамыздың әр қадамы мен тақырыбын талқылап, міндеттерді бөлдік. Осы тұста Валихан мен Назерке көптеген қызық шешімдер ұсынды”, – деді Ирина Илчовска.

"Біздің Altel-мен серіктестікте бастаған жобамыз интернеттегі қауіпсіздікті ілгерілетудің маңызды қадамына айналды. Негізгі мақсатымыз – жақындарымызды қорғау, оларды сапалы ақпаратпен сусындандыру. Біз қазақ тілінде пайдалы және кең аудиторияға қолжетімді контент жасауға тырыстық.
Жобаны жүзеге асыру оңай болған жоқ. Біз алаяқтық, буллинг, интим суреттердің желіде тарауы деген сияқты өте сезімтал тақырыптарды қозғадық. Бұл әр тақырыпты мұқият қарастыруды және қазақша сарапшылармен етене жұмыс істеуді талап етті. Өздеріңіз білетіндей, осы тақырыптарда қазақ тілінде сауатты пікір бере алатын мамандар да көп емес. Жобамыз интернетті барлығы үшін қауіпсіз ортаға айналдыруға кішкене болсын септігін тигізетініне сенімдімін", – деді Назерке Мұса.

Міне, 2024 жылдың 12 тамызында жобаның басталғанын мәлімдеп, алғашқы материалымызды жарияладық!

Ирина Илчовска жобаның оңай болмағанын алға тартты. 

“Өйткені алаяқтық, буллинг, жеке деректердің таралуы, цифрлық этика және құқықтық алаң сияқты өте күрделі тақырыптарды қозғадық.
Біз үшін ақпаратты жай таратып қана қоймай, қазақ тілінде пайдалы және өзекті контент жасау міндет болды. Сондықтан әр тақырыпты пысықтау үшін қазақ тілді сарапшыларды: заңгерлер, психолог, журналист, блогерлер мен киберқауіпсіздік жөніндегі мамандарды іздеп, шақырдық. Алғашқы бес айда тоғыз өткір тақырыпты өзектендірдік. Терең талдау жасап, мынадай практикалық ұсыныстар жасадық: жағдайды қалай анықтауға болады, қалай алдын алуға болады және апат болған жағдайда не істеу керек", – деді директор.

Алда не болады? 

“Біз бұдан да көп тақырыпты жаңғыртып, жаңа форматтарды ұсынып, алға ұмтыламыз. Басқа да сарапшыларды шақырып, диалог, пікірталастар мен сараптамалық ойлар ұсынамыз. 

Серіктесіміз Stan.kz-пен бірге жобамыз өмір сүретін кеңістікті жасап шығардық.

Кіріңіз! Өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрселерді таба алатыныңызға сенімдіміз. Біздің жобаға қосылып қалуыңыз да мүмкін! Желіде қауіпсіз бол!”, – деп қорытты Ирина Илчовска.

Талқылау