"Бұрынғы сүйіктісі оралып, арманы орындалады": Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал
Қыстың соңғы айы жұлдыз белгілері үшін қуанышты сәттерге толы, тыныш өтеді. Бұл кезеңде адамдар жеке дамуға, жеке өмірі мен жұмыс бабына көңіл бөлу керек. Астрологтар көзді ашып-жұмғанша өтіп кететін ақпан айында жақсы мүмкіндіктерді жіберіп алмауға кеңес береді. Мамандар ақпанның басында маңызды, ауқымды істерді бастап, айдың ортасында демалып, серігіп алуға болады дейді. Сондай-ақ ақпанның соңы өнімді әрі табысты аяқталатынына уәде берді. Stan.kz тілшісі қараша айына арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.
Фото: Ru.freepik.com
Ақпан айында астрологтар адамдарға ештеңеге жанын беріп кіріспеуге және жұмыста да, қарым-қатынаста да өзіңізді және мүдделеріңізді құрбан етпеуге кеңес береді.
Тоқты
Келер айта тоқтылар өте белсенді болады, адамдармен көп араласып, тіпті бұған дейін жөн көрмеген әрекеттерге жасауға тырысады. Бұрыннан көкейіңізде жүрген арманыңызды орындауға мүмкіндік туып тұр. Сондықтан ақпанда осы жолда барынша әрекет жасаңыз. Бір уақытта бірнеше іспен айналыспаңыз, маңыздыларға басымдық беріңіз. Сізді жақсы жаңалықтар күтіп тұр, бірақ отбасылық өмірде жанжалдар мен түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Егер шыдамдылық танытсаңыз, олардың айналып өтуге де мүмкіндік бар. Келер айда жұмыс пен шығармашылыққа көңіл бөліңіз. Жеке өміріңізді біраз уақытқа ұмыта тұрғаныңыз жөн. Деніңз сау болу үшін алдымен өмір салтын өзгертіп, тамақтану тәртібін ауыстырудан бастаңыз.
Торпақ
Торпақтар үшін ақпан айы іскерлік тұрғыдан табысты болмақ. Сондықтан жұмысқа кірісіп, жобалардан бас тартпағаныңыз абзал. Бұл тәжірибе сізге пайдалы болмақ. Мансап құрып, қаржылық жағдайын жақсартуға немесе сәтсіздіктерден кейін қайта аяққа тұруға ұмтылған торпақтардың айы оңынан туады. Кез келген салада табысқа жетудің кілті – сіздің тарапыңыздан болған бастама. Ақпан үйлену тойы, некелесу және бұрынғы қарым-қатынастарды нығайту үшін қолайлы уақыт. Бірақ жаңа таныстықтардан аулақ болғаныңыз дұрыс.
Егіздер
Ақпан егіздер үшін сәттілікке толы болмақ. Біраз уақыттан бері бас қатырып жүрген мәселелері өздігінен шешімін табады. Тіпті егіздер бұл айда болашақ жарын кездестіруі мүмкін. Бірақ ол үшін жалғыздықты серік етпей, адамдармен танысатын романтикалық жерлерге барғаныңыз жөн. Туыстарыңыз бен жақындарыңыз жеке өміріңізге араласып, қажетсіз кеңестер беруі мүмкін. Бірақ адамдардың бұл сөздеріне құлақ аспаңыз, тек өз интуицияңызға сеніңіз. Сондай-ақ бұл кезеңде денсаулыққа көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Суық тиюден, вирус жұқтырудан сақтаныңыз. Күшіңіздің ұсақ-түйек дүниелерге емес, ауқымды жұмыстарға жұмсаңыз.
Шаян
Ал шаяндар үшін ақпан айы қиындықтар алып келеді.Бұл жұлдыз белгілері көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап алғандай. Десе де уақыт өте келе таңдау жасау керек болады: қолыңнан келетін істі таңдайсыз немесе қоғамның сізден күткен үмітін ақтауға тура келеді. Алайда алдағы кедергілерді жеңіп, қиындықтардан өту шаяндардың қолынан келеді. Бастысы – кез келген істі алып кете алатыныңызға күмән келтірмеңіз. Айналаңыздағы адамдарға жалтақтауды қойып, жағдайға сай әрекет етіңіз. Жақындарыңыздың бірі жетістікке жетіп, сүйінші жаңалықпен қуантады. Отбасылық жиындардан қалмай, олардың бақытты сәттерінің куәсі болңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Бұрын ауырған жеріңіз қайта мазалауы мүмкін. Қай кезде болмасын батыл қадамдар жасап үйреніңіз, табандылық іскерлік салады жетістікке әкеледі.
Арыстан
Ақпан серіктестер тауып, келісімшартқа отыратын арыстандар үшін табысты болмақ. Дипломатиялық дағдыларыңызды барынша пайдалныңыз. Сонда өзіңізге ойламаған жетістіктерге қол жеткізесіз. Бастысы – ұрыс-керіс, жанжал, түсініспеушіліктен аулақ болыңыз. Жеке өміріңізде де біраз өзгерістер болады. Өмірлік серігіңізді кездестіресіз немесе бақытты сәттермен есте қалатын қысқа мезгілді қарым-қатынас құрасыз. Сондай-ақ арыстандарда мансапта көтеріліп, басшылардың алдында өзінің артықшылықтарын көрсетуге жақсы мүмкіндіктер болады. Арыстандардың физикалық денсаулығы жақсы болғанымен, эмоционалдық жағдайы тұрақсыз болуы мүмкін. Сондықтан күйзеліске тап болатын жағдайлардан аулақ болыңыз және айналаңызға жақсы адамдарды жинаңыз.
Бикеш
Бикештердің тұрмыстағы ұсақ-түйек дүниелерге қатты мән беретіні сонша олар ештеңе істемесе де шаршайтын жағдайға жеткен. Сол себепті ақпанды демалысқа арнаңыз. Бірақ бұл “жұмыспен мүлдем айналыспау керек” деген сөз емес. Ақпан – ресурсқа толы ай. Егер белгілі бір іске бар ынтаңызбен кіріссеңіз жақсы нәтижеге жетесіз. Ауқымды ойлауға тырысыңыз, болмайтын дүниелерге бас ауыртпаңыз. Келер айда жақындарыңызға сізден көмек керек болуы ықтимал. Жоспардан тыс мәселелерді шешуге дайын болыңыз. Асқазан-ішек жолдарындағы ауырсыну мазаламасын десеңіз, дұрыс тамақтануды қолға алыңыз.
Таразы
Таразылардың ақпан айын шығармашылық пен кәсіби және тұлғалық дамуға арнағаны абзал. Кез келген дүниеден шабыт аласыз. Ал жеке өміріңізге келер болсақ, бұған дейін жақын қарым-қатынаста болған адам сізге қайта оралады. Бұл қарым-қатынас сізге бұрынғы армандарыңыз бен жоспарыңызды еске түсіруге көмектеседі. Денсаулыққа байланысты ешқандай қиындықтар жоқ, десе де суық тиюден сақ болғаныңыз жөн. Ақпан таразылар үшін алдағы уақытқа жоспар құрып, оны нақтылайтын кезең. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді, бірақ таразылар өзіне не керегін нақты білуі тиіс. Мақсатыңызға жету жолында сізді түрлі күмән мазалауы мүмкін. Бірақ оған бола ойлағаныңыздан бас тартпаңыз.
Сарышаян
Қыстың соңғы айында сарышаяндарға өзін материалдық және психологиялық тұрғыдан барынша жайлы сезінуі маңызды. Сондықтан үйіңізді түгелдей тазалап, тіпті жөндеу жұмыстарын бастап кетуіңіз әбден мүмкін. Сондай-ақ айналаңыздағы қажетсіз адамдардан да арылыңыз. Таразылар ақпанда басқа қалаға көшіп, үй сатуы немесе сатып алуы ықтимал. Астрологтар сарышаяндар өзін жақсы сезіну үшін көп қозғалып, тамақтан тыйылуға кеңес береді. Сарышаяндар қаржы жағдайыға бола жұмыстан немесе жаңа жобалардан бас тартпауы тиіс. Жаңа жобалар табыс әкелмесе де, жақсы тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
Мерген
Мергендер ақпанның қалай өтіп кеткенін байқамай қалады. Өйткені бұл ай кездесулерге, жақсы жаңалықтар мен жаңа жобаларға толы болмақ. Бұл мергендер үшін ақпан алаңсыз өтеді дегенді білдірмейді, десе де қызықтан құр қалмайтыныңыз сөзсіз. Достарыңызды немесе жақындарыңызды ренжітіп алмайын десеңіз, екі жаққа бірдей уақыт бөлуге тырысыңыз. Ақпан – сүйікті адамыңызбен бірге саяхаттауға қолайлы уақыт. Басқа адамдар сізге қызығушылық танытып, сізбен жақын танысуға тырысады. Бетін қайтармасаңыз, олардың арасынан өмірлік жарыңызды кездестіруіңіз әбден мүмкін. Келер айда қаржы жағынан қиындықтар туып, жақын адамдарыңыздан немесе отбасыңыздан көмек сұрауға тура келеді. Десе де оларға қатты сеніп, қарызға батудың қажеті жоқ. Мергендер кез келген жағдайдан шешім тауып шығады. Тәуекелге барудан қорықпаңыз.
Тауешкі
Тауешкілер ақпанда, қажетсіз әрі орынсыз шығын болса да, өзіне көңіл бөліп, бұрыннан қалап жүрген дүниені сатып алуы мүмкін. Келер ай – армандар орындалатын уақыт. Сондай-ақ тауешкілер қаржы жағынан тәуелсіз болғысы келсе, инвестициямен айналысып, батыл қадамдар жасауы керек. Отбасымен бас қосып маңызды шешім қабылдауы ықтимал. Буындарыңыз бен асқазан-ішек жолдары ауырмасын десеңіз денсаулыққа көңіл бөліңіз. Ақпанда жетістіктерге жетіп, қызметте көтерілуіңіз мүмкін. Бірақ сіздің көре алмайтын адамдардың барын да ұмытпаңыз.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар ақпан немен айналысса да ісі нәтижелі болмақ. Кәсіп ашып, шығармашылықпен айналыса аласыз. Бірақ имиджді түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдамағаныңыз жөн. Мұның өз уақыты келеді. Келер ай көңілді әрі қызыққа толы болмақ. Суқұйғыштарға демалуға немесе жоспардан тыс саяхатқа шығуға мүмкіндік туып тұр. Алайда белсенді физикалық жаттығуларды кейінге қалдыра тұрғаныңыз абзал. Отбасылық мерекелерге шақырту аласыз, жақындарыңызбен уақыт өткізуден бас тартпаңыз. Мұндай сәттер ереше жылылық сыйлайды. Бірақ жеке өміріңізде бәрі сіз ойлағандай жақсы өзгерістер болмауы мүмкін. Сүйіктіңізден көңіліңіз қалып, айырылысып кетуіңіз ықтимал.
Балықтар
Ақпанда балықтардың табысынан гөрі шығыны көп болады. Ауқымды дүниелер сатып алуыңыз мүмкін. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп, гардеробыңызды жаңартып, бұрыннан ойлап жүрген қымбат зат сатып аласыз. Десе де балықтар осындай қымбат, жақсы дүниелерге лайық. Сондықтар астрологтар оларға ойланбастан дүкен аралауға кеңес береді. Ақпанда балықтар арқасынан ауыр жүк түскендей күй кешеді. Өйткені бұрынна бері мазалап жүрген мәселесі шешімін табады. Жұмыстағы қиындықтарды кейінге қалдырып, өзіне және отбасына уақыт бөледі. Жарыңызды тыңдап, оның сөзіне құлақ асыңыз. Осылайша, екеуіңіздің араңыздағы үйлесімділік пен қарым-қатынасты қолдап, сақтап қаласыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Дәрігердің кеңесін тыңдап, тексеруден өткеніңіз абзал.