Алматы облысында әскери техника мен полиция көлігі соқтығысып қалды
Алматы-Өскемен автожолында әскери техника тиелген көлік апатқа ұшырады. Жүк көлігі жол ортасында оны түсіріп алған. Салдарынан өзге көлік келіп соқтығысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚазАвтожол
ҚазАвтожолдың мәліметінше, оқиға 15 қаңтар сағат 13:40 шамасында “Алматы-Өскемен” автожолының оңтүстік бағытының 56 шақырымында болған.
“Цзефан” автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі бірлік әскери техниканы түсіріп алды. Нәтижесінде техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан “Ssang Yong Actyon” автокөлігімен соқтығысқан”,– делінеген хабарламада.
Қазавтожолдың дерегіне сәйкес зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген