21 қарашада ел аймақтарында телеарналар жұмысы уақытша тоқтатылады
21 қарашада ел аймақтарында 03:00 мен 17:00 аралығында телерадиоарналар жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
"Қазтелерадио" АҚ-ның мәліметінше, телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуы үшін тоқсан сайын эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жауып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
“2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылады. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз”, – делінген хабарламада.
Талқылау