Қазақстан мен Вьетнам араларында қылмыскерлерді алмастырады
Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Елдер арасындағы келісім сотталғандарды берудің шарттары мен тәртібін реттейді. Бұл ретте сотталған адам немесе оның заңды өкiлi ерiктi және хабардар етiлген жазбаша келiсiмiн беруге тиiс.
Құжатта сотталған адамды ауыстырудың мынадай шарттарын белгілейді:
- сотталған адам Қазақстан немесе Вьетнам азаматы болуы керек;
- жазасын өтеушінің әрекеті екі елде де қылмыс деп танылуға тиіс;
- ауыстыру туралы өтініш түскен кезде сотталғанға қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енген және сотталған адамның өтеу мерзімі кемінде бір жыл болса;
- сотталған адамға қатысты үкім заңды күшіне енген және оны берген елде бұл азаматқа қатысты басқа қылмыстық іс жоқ жағдайда;
- аусытыруға екі тарап өзара келіскен;
- сотталған адамның жасына, дене немесе психикалық жай-күйіне байланысты ауыстыруға келісім беру мүмкін болмаса, сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімі бар.
Әрбір тарап беру туралы тәуелсіз шешім қабылдау құқығын сақтайды. Сондай-ақ құжатта оны орындауға байланысты шығындарды реттейтін ережелер мен шартты түсіндіруге немесе қолдануға байланысты тараптар арасындағы келіспеушіліктерді шешу тәртібі қарастырылған.