Израильдің Газаға жасаған соққыларынан кейін 90-ға жуық адам хабар-ошарсыз кетті
Бір жыл бұрын Израильдің құрлықтағы шапқыншылығының алғашқы нысандарының бірі болған Бейт-Лахия қаласы шабуылға ұшырады. Анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің саны 90-ға жуықтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еuronews порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Еuronews
Деректерге сай тағы 40 адам жарақат алған. Израиль әскерилері соққы туралы әлі түсініктеме берген жоқ. Олар "Газаның бүкіл аумағында әуе соққыларын да, жердегі операцияларды да жалғастырып жатыр" деп мәлімдеді.
Кейінгі екі аптада Израиль Газаның солтүстігіндегі Джебалия босқындар лагерінде үлкен операция жүргізіп жатыр. Онда ол ХАМАС содырларының қайта топтасуы болғанын айтты.
Соғыстың алғашқы апталарында Израиль бүкіл Солтүстік Газа тұрғындарына оңтүстікке эвакуациялауды бұйырған. Алайда 400 мыңға жуық адам үйлерінен кетпеуге шешім қабылдады.
Сонымен қатар Израиль әскери күштері Ливанның астанасы Бейрутқа соққы беруді жалғастырып жатыр. Деректерге сүйенсек, негізгі мақсат "Хезболла" командалық пункті мен Бейруттағы жерасты қару-жарақ фабрикасы болған.
Сондай-ақ Израиль армиясы топтың үш командирін жою туралы мәлімдеді. Ливан армиясы Израильдің соққыларынан үш сарбазының қаза тапқаны туралы хабарлады. ЦАХАЛ-дың айтуынша, Хезболла жауап ретінде Израильдің солтүстігінде 100-ден астам зымыран атқан.