Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"WhatsApp, Telegram желілерінде әрекет етеді": Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасалды

Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді. Құзырлы органдардың айтуынша, алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттар мен хабарламалар жіберіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, түрлі алаяқтар WhatsApp, Telegram желілерінде әрекет етеді.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді”, – делінген хабарламада. 



Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасайды және жолдап жатыр.

“Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда осы фактілер туралы Қазақстанның Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз”, – делінген хабарламада. 

Талқылау