Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Lenovo және iNova Tech Қазақстанның 120 ауруханасында қатерлі ісікті ерте анықтайтын жасанды интеллект жүйесін орнатты

Lenovo және iNova Tech Қазақстанның 120 ауруханасына АТ (ақпараттық технология) инфрақұрылымын ауқымды цифрландыруды жүргізіп, сүт безі обырының ерте анықталуын 37,8%-ға ұлғайтты. 

Қазақстанда жасанды интеллект арқылы суреттерді мұрағаттау және беруге арналған PACS-жүйесінің көмегімен радиологиялық зерттеулер деректерін орталықтандыруға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды. Жоба Алматы, Жетісу, Атырау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының 120 мемлекеттік ауруханасының АТ-инфрақұрылымын ауқымды цифрландыру шеңберінде іске асырылды. Олардың жиынтық нормативтік өтімділігі 3,3 миллионнан астам адамды құрайды. Бұл елдегі радиологтардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге, сондай-ақ скринингтік бағдарламалардың жылдамдығын 3 есе арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар сүт безі қатерлі ісігінің патологиясын ерте сатысында 37,8% - ға тез анықтауға көмектеседі.  Мұның бәрі WDSOFT және AKGÜN компанияларымен бірлескен Lenovo және iNOVA TECH-тің арқасында мүмкін болып отыр.

Жоба міндеттері мен ауқымы қандай?

Жүйені осындай ірі көлемде енгізу үшін АТ-инфрақұрылымының бірыңғай контурын құру қажет болды. Сонымен қатар деректер орталығын ұйымдастырып, жергілікті серверлерді орнату, жүйені іске қосатын барлық аудандарда жоғары жылдамдықты интернетті жүргізу жұмыстары да орындалды. Дәрігерлер мен зертханашылардың орындарын өнімділігі жоғары станцияларымен және медициналық мониторлармен жарақтандыру; радиографияға арналған жабдықты заманауи цифрлық шешімдермен жұмыс істеуге дайындау мен тиісті бағдарламалық жасақтама лицензияларды алу секілді міндеттер де атқарылды. 

Жобаны іске асыру үшін жүйелік интегратор ретінде iNOVA Tech компаниясы таңдалды. Ол IT-инфрақұрылымды құрып, іске асыру үшін Lenovo мамандарының тобын жұмылдырды. Ал жобаның бас мердігері WDSOFT Қазақстан аумағындағы "Телерадиология" жобасының серіктесі және жүйелік интеграторы AKGÜN компаниясының PACS бағдарламалық қамтамасыз ету базасында медициналық мекемелерді автоматтандырумен айналысты.

PACS жүйесі қалай жұмыс істейді?

PACS жүйесі – бұл машиналық оқыту алгоритмдерін қолдана отырып, қатерлі ісік ауруын ерте диагностикалаудың озық құралы. 

Жасанды интеллект PACS көп көлемді кескіндерді оқи алатындай жасалған. Атап айтқанда онкологиялық аурулардың алуан түрі мен адамның сау жағдайын ажырататын рентген және маммографиялық түсірілімдерді көрсетеді.  Соның арқасында, жаңа суреттер PACS жүйесіне түскеннен кейін, машиналық оқыту алгоритмі медициналық суреттердегі қатерлі ісік өзгерістеріне тән жасырын белгілерді анықтайды. Осылайша автоматты түрде назар аударуға тұрарлық патология қаралады. Жүйе суреттерді талдағаннан кейін диагностикалық есеп қалыптастырады. Бұл есеп онкологтар мен басқа да медицина мамандарына пациенттерді емдеуде шешім қабылдауға көмектеседі.

PACS жүйесіне деректерді орталықтандыру үшін жасанды интеллект архитектурасы әзірленген. Ол деректерді үздіксіз алмасуды, ақауларға төзімділік пен жылдамдықты қамтамасыз етеді.

Жүйені енгізу қалай іске асырылды? 

PACS жүйесін енгізу процесі 6 айға созылды. Ол төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жобаға қатысатын барлық облыстарға жоғары жылдамдықты интернет жүргізу қажет болды. Тұрақты байланыс арнасымен қамтамасыз ету үшін ауруханаларда 5 км-ден астам талшық орнатылды. 

Жобаны іске асырудың қиындығы ауруханалардағы деректердің (пациенттердің суреттері мен медициналық базаларының) локализациясына байланысты болды. Сонымен қатар, жүйені енгізгенге дейінгі барлық зерттеулер аналогтық жабдықта жүргізілген. Бұл дегеніміз деректер (суреттер, пациенттердің карталары, ауру тарихы) тек түсірілген жерде сақталған. Деректерді біріктіру мәселесін шешу үшін екінші кезеңде жобаның барлық АТ-инфрақұрылымының цифрлық контуры қалыптасты. ThinkAgile HX5520 nutanix негізіндегі гиперковергентті шешім таңдалды. LENOVO ThinkSystem SR530, SR550, SR650, SR635 серверлері сатып алынды. Сонымен қатар диагностикалық жабдықпен үйлесімді цифрлық деректерді өңдеу орталығы, жоғары өнімді жұмыс станциялары мен медициналық мониторлар орнатылды. Кейін дәрігерлердің жұмыс орындарына компьютерлік жабдықтар қойылып, жүйені пайдалану үшін клиника қызметкерлеріне оқыту жұмыстары жүргізілді. 

"Жоба өте қызықты. Себебі медицина саласындағы маңызды мәселелерді шешу үшін заманауи технологиялардың нақты қолданылуын көрсетеді. Біз медицинаның, шұғыл диагностиканың сапасы қалай жақсарғанын көреміз. Онкологияны ерте кезеңде анықтау адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Егер ауқымы бойынша қарасақ, бұл жобаны әлемдегі ешбір жобамен салыстыруға болмайды", - деп атап өтті iNOVA Tech CEO-сы Сұлтан Ассылбеков.

Жобаның басты нәтижелері

Бұл жобаны іске асыру медициналық бейнелерді тиімді басқаруды қамтамасыз ете отырып, PACS шетелдік жүйесін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне сәтті кіріктіруге, сондай-ақ Lenovo-Nutanix озық гиперконвергентті технологиясының көмегімен АТ-инфрақұрылымын оңтайландыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жүйе Қазақстанның 5 облысындағы 120 ауруханаға, Алматы облысындағы бірыңғай ахуалдық орталыққа қосылды. Соның арқасында скрининг жүргізу ұзақтығы 10 есеге қысқарды. 2,5 миллионнан астам радиологиялық зерттеулер жүргізілді. Шалғай аудандардың 500 мыңнан астам тұрғыны үшін зерттеу нәтижелерін алу қашықтықтан қолжетімді бола түсті. Зерттеулердің сапасы мен қауіпсіздігі артып, сүт безі обыры жағдайларын ерте анықтау 37,8%-ға артты. 

Талқылау