Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Селфи жасамақ болған": Түркістан облысында тау өзеніне байқаусызда құлаған қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Түркістан облысында тауда ағын су жағасында суретке түсемін деген 16 жастағы қыз тайып құлап, өзен ағысына түсіп кеткен. Құтқарушылар Сайрам-Су арнасынан қызды екі күннен бері іздеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Оtyrar

Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне қыздың жоғалғаны туралы 28 шілдеде сағат 10:41-де келген.

Куәгерлердің айтуынша, Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны суретке түспек болған. Алайда тепе-теңдігін жоғалтып, тайып, өзі тұрған жиектен шығып кеткен. Күшті ағынмен ол тастардың арасында қысылып, шыға алмаған.

Тау өзеніне құлаған қызды құтқарушылар Сайрам-Су өзенінің арнасынан, жағалау сызығынан, сонымен қатар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан іздеп жатыр.



“Іздестіру-құтқару жұмыстарына 37 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 бірлік Түркістан облысы ТЖД техникасы, 6 қызметкер және 3 бірлік Түркістан облысы полиция департаменті техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылған”,- делінген хабарламада. 

Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Талқылау