"Дүкендерде сатылатын танымал сусындарда баланың дамуын тежейтін қоспа бар": Маман желіде тараған ақпаратқа жауап берді (видео)
Желіде тартразин тағамдық бояуының бір ғана қоспасы баланың дамуын кешеуілдетеді деген ақпарат тарады. TikTok желісінде жарияланған видео авторының сөзінше, E102 кодымен белгіленетін сары қоспа кішкентай бүлдіршіндердің зейіні мен белсенділігін төмендетеді. Бұл қаншалықты рас, деген сауалмен Stan.kz тілшісі маманға жүгініп көрді.
Фото: Видеодан скрин
Желіде тараған видео авторының сөзінше, бояғыш қоспа тартразинды қолдануға Еуропаның көптеген елдерінде тыйым салынған.
“Шырынның құрамын мұқият қарап шықсаңыз, соңында балаңыздың дамуы мен зейініне кері әсер ететін бояу бар екенін көресіз. Мысалы, жақында тартразинді қолдануға Еуропаның көптеген елдерінде тыйым салынды. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу бойынша, құрамында тартразин бояғышы бар өнімді тұтыну гиперактивтіліктің жоғарылауына және балалардың концентрациясы мен зейінінің төмендеуіне әкелетінін көрсеткен”, – деді автор.
@ilkham_blog Тартразин, широко используемый в пищевой и фармакологической промышленности краситель, вызывает существенную деструкцию цистеина и цистина. —— Так, например, тартразин в недавнем прошлом был запрещен для использования во многих европейских государствах, но под давлением Европейского союза запрет на использование красителя Е-102 и ряда других пищевых добавок был снят ❗Недавние исследования, проводившиеся университетом Саутгемптона по заказу государственного агентства по пищевым стандартам Великобритании (FSA) показали, что употребление продуктов с содержанием тартразина приводит к повышению гипперактивности и снижению концентрации внимания у детей.
♬ оригинальный звук - ilkham
Педиатр маман Назгүл Ибатдолда тартразин баланың ағзасына көп мөлшерде түсcе, зейін дамуы кешеуілдейтінін айтты.
“Тартразин тағам қоспасы ретінде адамға әсер етуі мүмкін. Қазір тамақ өнеркәсібі үздіксіз дамып жатыр. Ол соншалықты дамыған сайын адамдардың денсаулығына да өз зиянын беріп жатыр. Неге? Себебі әртүрлі өнім ойлап тауып, тамақтарды арзандатады. Олардың альтернативті нұсқасын табуға тырысады. Міне осылар адамдарға кері әсерін береді. Ал тартразин адамның байқампаздығы мен тұрақты күйіне әсер етеді. Балалардың ағзасына көп мөлшерде түссе, зейіні мен белсенділігінің төмендеуіне әкелуі бек мүмкін”, – дейді маман.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан Ауғанстанда өндірілген "Golden Life" газдалған анар сусынына тыйым салынғанын жазған едік. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E122 бояғышы бар екен.