"Қайрат" командасының бұрынғы бапкері ресейдің үздік құрамаларының бірін жаттықтыратын болды
Фото: instagram.com/vadimborovskiy
Қазақстандық маман Вадим Боровский Мәскеудің "Спартак" клубының бапкерлік штабына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бапкер шетелдік клубтың жаттықтырушылар құрамына кіргеніне риза екенін айтып, бұл оның көптен бергі арманы болғанын жеткізді.
"Сенбі күні мен үшін жаңа кезең басталды – Cпартактың бапкерлер штабындағы дебютім. Бұл – арманымның орындалуы", – деді Боровский.
"Спартактың" бас бапкері – 47 жастағы маман Романов. Спорт Шредингера сайтының мәліметінше, Боровский жаңа бас бапкермен бұрыннан таныс, олар "Спартактың" жастар құрамында бірге жұмыс істеген.
Айта кетейік, Вадим Боровский бапкерлік мансабын "Қайрат" академиясында бастаған. Ал футболшы ретінде "Шахтёр", "Жетісу", "Атырау", "Қызылжар" және "Алма-Ата" клубтарында өнер көрсеткен.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

