Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптесін тонап, атына несиеге iPhone рәсімдеген: Алматыда әскери қызметкерге қатысты үкім шықты

Алматыда әскері қызметкер жауынгерге күш қолданып, ақша талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Алматы гарнизоны әскери сотымен күш қолдану қатерін төндіре отырып тонау фактісі бойынша айыпталған артиллериялық дивизияның мерзімді әскери қызметшісі қатардағы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды

"Артиллериялық дивизияның мерзімді әскери қызметшісі қатардағы өзінің материалдық жағдайын жақсартуды көздеп, қатардағы жауынгер Б.-ны дивизияның төңірегінен тыс жерге апарып, одан ақша және бағалы ұялы телефон беруін талап еткен. Оның әрекеттеріне қарсылық танытқан жауынгер Б-ға күш қолдану арқылы бірнеше рет соққы жасап қорқытқан, алайда, қылмыстық әрекеттерін аяғына дейін жеткізе алмаған”, – делінген хабарламада.

Сотталушы тіпті әріптесінің атына несие рәсімдеген.

"Сотталушы Е., аяқталмаған қылмыстық ниеттерін білдіріп, Б.-дан өзінің абоненттік нөмір картасын беруді талап еткен. Алайда, күтілгеннен бас тартуды алған Е. қылмыстық жоспар бойынша әрекет етіп, К.-ның кеуде тұсына бірнеше соққы жасап, одан әрі зорлық-зомбылық жасау қаупімен қорқытқан. Нәтижесінде денсаулығына қауіп төнген Б., Е.-ге өзінің абоненттік нөміріндегі сим-картасын берген. Осылайша, сотталушы Е., Б.-ның атына тіркелген "Kaspi" қосымшасын басқаруға нақты мүмкіндік алып, Б.-ның атына шамамен құны 750 мың теңгені құрайтын "iPhone 13 Pro Max" маркалы ұялы телефонын рәсімдеп, оны өзінің ағасына берген, – делінген хабарламада.


Семейде офицер букмекерлік кеңселерге қарызданып, әскери бөлім мүлкін ломбардқа өткізген


Е., жәбірленуші Б.-ға несиенің ай сайынғы төлемін өзімен бұрын 500 мың теңгеге мәмілескен К.-ның төлейтіндігін айтқан. Алайда несие бойынша ешқандай да төлем жүргізілмеген.

Сот сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі объективті және күмәнсіз нақты деректермен дәлелденгенін анықтады.

Сот үкімімен сотталушы 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Сонымен қатар жазаны өтеу мерзімінде жыл сайын 100 сағаттық әкімшілік жұмысқа тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске салсақ, осыған дейін Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Талқылау