Ақтау теміржолшылары жұмыс істеп жатқан компанияның "Қазақстан теміржолына" өтіп кеткеніне қарсы шықты
Ақтауда "Каскор-Транссервис" АҚ-ның 600-ден астам теміржолшысы жұмыссыз қалуы мүмкін. Өйткені “Каскор-Транссервистің” теміржол жолдары магистральдық желілер санатына ауыстырылып, “Қазақстан теміржолы" компаниясының меншігіне өткелі жатыр. Компания басшылығы мен қызметкерлері ҚТЖ-ға өтуге қарсы шықты.
Видеодан скриншот
Компанияны Қазақстан теміржолына өткізу туралы бұйрық шығып қойған. Мұны әділет министрлігі мақұлдады. Алайда Маңғыстау облысының "Каскор-Транссервис" АҚ қызметкерлері премьер-министрі Олжас Бектенов пен көлік министрлігіне үндеу жолдап, құлақ асуды сұрайды.
"Каскор-Транссервис"-тің кеңесшісі Эльмира Ибатуллина "Қазақстан темiржолын" иемденгісі келіп тұрған магистральдық жолдар жеке компанияның өз қаражатына салынғанын және оны ҚТЖ заңсыз алып алмақ екенін айтты.
“Ешқашан "Қазақстан теміржолы" ҰК АҚ ұлттық компанияға тиесілі болған жоқ және жекешелендірілмеді”, – деді ол.
Сөйтсе, бұған дейін бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов "демонополияландыру" туралы тапсырма берген. Содан кейін департамент меншік иесімен келіспестен, акционерлік қоғамның теміржолдарын магистральдық жолдар санатына ауыстырып, оны "Қазақстан теміржолы ҰК" меншігіне бермек екен.
Эльмира Ибатуллинаның айтуынша, “Каскор-Транссервистің” жолдарын магистральдық жол деп тану да, ҚТЖ-ға өткізу де заңсыз. Жол магистральды бола алмайды, өйткені ҚТЖ мен Каскор-Транссервис жолдарының ортасында тағы бір жол бар. Одан соң Каскор өз еркімен “Сыйға тарту шартын” жасасу керек. Яғни мұндай шешімдерді жеке компанияның өзі ғана шешуге тиіс дейді.
Компания өкілі бұл шешімнің салдарын атап өтті:
- 600 қызметкер және олардың екі мың отбасы мүшелері күнкөріссіз қалады;
- Шетелдік инвестициялардың қомақты сомасын тарту жөніндегі келіссөздер бұзылады;
- Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді стратегиялық тасымалдау зардап шегеді.
- Имидждік залал "Ақтау теңіз порты" АЭА базасында контейнерлік хаб құру жобасына қауіп төндіреді.
“Роман Склярмен кездесу барысында бізге Каскордың тарифы жоғарырақ деді. Бірақ біздің бағаны АЗРК тексереді, тарифымыз ҚТЖ-мен бірдей. Антимонополиялық комитет те бақылап отырады. Каскор-Транссервистің жұмысына бұрын-соңды министрлік шағым білдірмеді. ҚТЖ да мемлекеттік-жеке меке арасындағы әріптестік немесе сатып алу туралы қандай да бір ұсыныстармен жүгінген жоқ”, – деді Эльмира Ибадуллина.
Оның айтуынша, департаменттің мұндай әрекеттері компанияның банкрот болуына әкеледі. Сонымен қатар шетелдік инвестицияларды тарту бойынша келіссөздерді сәтсіздікке ұшыратады. Соның салдарынан Ақтау теңіз порты арқылы стратегиялық жүктерді тасымалдау зардап шегеді. Өйткені 2018 жылдан бері компанияны қаржыландырып отырған америкалық инвестор британиялық инвесторлармен келісімшарт жасасқан.
Сондай-ақ ҚТЖ компенсация ұсынбағанын айтты. Серіктестік мәселесін де қабыл алмаған.
Каскор-Транссервис сотқа шағымдануға ниетті. Алайда бұл мәселеде жеңіп шығатындарына сенімсіз.