Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалалық ауруханаға алып барудан бас тартқан: БҚО-да үш баланың анасы босану кезінде көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында облыстық ауруханада әйел босану кезінде қайтыс болды. Бұл – емханада босанған әйел өліміне қатысты екінші оқиға. Алғашқы қайғылы оқиғада ешкім жазаланбаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: time.kz

Нұржан Қанатовтың жары 15 мамырда көз жұмған. Оның 36 жастағы әйелі, яғни үш баласының анасы, мерзімі жақындап қалғандықтан, Жаңғала ауылындағы аудандық ауруханаға жүгінген. Күйеуінің сөзінше, сол күні мамандар әйелдің қалаға жетіп үлгермейтінін айтып, ауылда босануға тастап кеткен.

Одан әрі не болғаны белгісіз. Марқұм әйелдің туыстары сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Олар әйелге кесарь тілігін жасайтынын айтқан. Алайда марқұм операцияға дейін көз жұмған.

Күйеуінің айтуынша, марқұм Индира үш ұлды өз бетінше, еш қиындықсыз дүниеге әкелген. Нұржан Қанатов өлімге адам факторы кінәлі екеніне сенімді болғандықтан полицияға арыз жазды.

Ал осыдан алты жыл бұрын дәл осы ауруханада осындай оқиға болған. Жүктілігінің жетінші айында осында келген төрт баланың анасы Бибінұр Неғметова операция үстелінде қайтыс болып, құрсағындағы сәби де көз жұмған.

Сараптама нәтижесінде, көмектің уақытылы және дұрыс көрсетілгені жазылған. Алайда марқұм әйелдің күйеуі жарын аман алып қалу мүмкіндігі 100% болды деп, әлі күнге дейін әділдік іздеп жүр. 

Нәтижесінде, қайғылы оқиғадан тура төрт жыл өткен соң сот 60 жастағы анестезиологты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп тапты. Алайда дәрігер жауапкершіліктен босатылды, өйткені бұл уақытқа дейін ескіру мерзімі өтіп кеткен. Айтпақшы, дәрігер өз кінәсін мойындамады.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысында ауруханада көз жұмғандардың туыстары наразылық білдіргені туралы жазған едік. 

Талқылау