Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды

Шымкенттегі №9 мектептің 11-сынып оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

суицид

Қайғылы жағдай 12 мамыр күні болған. Марқұм үйіндегі өз бөлмесінде табылған.

Өкінішке қарай оны аман алып қалу мүмкін болмапты. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, шәкірттің үлгерімі жақсы әрі белсенді болған. Және ешкіммен дауласып, ұрыспағанын, есепте тұрмағанын айтады. Қазір бұл іске қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында он бір жасар мектеп оқушысы өзіне қол жұмсағанын жазған едік. 

Талқылау