Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбырдың соңы қарға ұласады: Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Сноптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігі бұрынғыша атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, түнде еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын болады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады деп болжанған.

Республиканың оңтүстігінде барлық кезеңде, ал оңтүстік-шығысында 14-15 сәуір күндері жаңбыр жауады деп болжанады. Тек Шығыс Қазақстан облысында барлық кезеңде, ал Абай облысында 13-14 сәуірде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанған. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде және таңертең тұман, күндіз батыс және оңтүстік облыстарда найзағай болады.

"Температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін 2024 жылдың көктем және жаз айларына арналған ауа райы болжамын жариялаған едік.

Талқылау