Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкектегі бас алаңда Қырғызстанның жаңартылған туы көтерілді

Бішкекте бас алаң Ала-Тоода Қырғызстанның жаңартылған туы көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Кыргызстан порталына сілтеме жасап.

Cурет  Sputnik Кыргызстаннан

Бұған дейін ел президенті Садыр Жапаров Қырғызстанда жаңа ту ілінген кезде ескі туға да ұқыптылықпен қарау талаптары күшінде болатынын атап өткен болатын.

Ол мемлекеттік рәмізді өзгерту оның жеке бастамасы екенін мойындады.



"Жұмыс сапарының аясында 30-ға жуық елде болдым.Шетелдік делегаттармен кездесулерде менен бес рет ту туралы сұраған шығар. Олар: "Сіздің республикаңыздың басымдығы неде? Сіз ауылшаруашылыққа басымдық беретін елсіздер ме?" дейді", - деді Қырғызстан президенті. 

Еске салсақ, Қырғызстанда парламент депутаттары елдің мемлекеттік туындағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынатын заңды үшінші оқылымда қабылдағанын хабарлаған едік. Бішкекте ел туының өзгеруіне қарсы наразылық шеруі өтті. 

Талқылау