Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде партаға соғылып көз жұмған оқушының өліміне қатысты тың деректер пайда болды

Ақтөбедегі мектептердің бірінде партаға соғылып көз жұмған оқушының өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

№27 мектеп директорының айтуынша, оқиға 14 желтоқсан күні бірінші ауысымда, үшінші және төртінші сабақ аралығында болған. Жетінші сынып оқушысы үзіліс кезінде сыныпқа жүгіріп кіріп, сүрініп кетіп, партаға соғылған. Директордың айтуынша, кабинетте баланың физика пәнінің мұғалімі және тағы бірнеше оқушы болған.

"Ол кезде мұғалім және екі-үш бала кабинетте отырған. Медбике алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем мен ата-анасы шақырылды. Әкесі, баласы және сынып жетекшісі аурухана кетті.Бірақ қайғылы хабар келді", – дейді Ақтөбедегі №27 мектеп-лицейінің директоры Дәуір Төлемісов.

Денсаулық сақтау басқармасы баланың ауруханаға көмей мен кеуде қуысының жарақаты диагнозымен клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін хабарлады.

Еске саслақ, бұған дейін Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы партаның бұрышына соғылып көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз. Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Талқылау