Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түнде қыздарды аңдыған": Алматыда смартфон ұрлап, қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

Алматыда түнде жалғыз жүрген қыздарды аңдып, телефондарын ұрлаған азамат ұсталды. Оның үстіне 14 арыз түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Деректерге сай бірнеше тонау әрекетін жасады деген күдікпен 34 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды.

Полицияның мәліметінше, ол Абай даңғылы мен Масанчи көшесінің қиылысында түнде жалғыз кетіп бара жатқан қыздарды аңдыған. Кейін олардың қолдарынан ұялы телефондарын жұлып әкетіп отырған.

“Кешке ол 20 жастағы қыздың қолынан айфонын тартып алған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі таңда Алмалы ауданында – 7, Бостандық ауданында 7 зардап шеккен азаматтан арыз түсті. Шабуыл жасаушы қылмысты жасағанын мойындады. Қылмыстық іс бабы бойынша тергелуде", – деді Алмалы аудандық әкімшілігінің басшысы Олжас Шәріпов.

Қазір Алмалы және Бостандық аудандарында 14 адамнан арыз түсті. Күдікті қамауда.

Талқылау