Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәуіп, емшілерге бармаңыз": 6 жыл сәби күткен келіншек бедеуліктен қалай арылғанын айтты

“Бедеулік емделеді” дейді 6 жылдан кейін сәбилі болған кейіпкеріміз. Stan.kz тілшісі білікті маманның көмегімен, ешқандай ЭКО-сыз балалы болған келіншектің оқиғасымен бөлісті. Кейіпкеріміз өзімен тағдырлас әйелдерді ешқашан үміт үзбеуге шақырды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысының тұрғыны, бүгінде үш баланың анасы Маржан (есімі өзгертілді) не себепті ұзақ уақыт сәби сүйе алмағанын айтты. Тұрмыс құрғаннан кейін денсаулығында кінәрат барын түсінген ол бірден ем алуды бастап кеткен. 

“Бастапқыда жақсы маман таба алмай уақыт жоғалтып алдық. Жатырдағы екі түтікше бітеліп қалған екен. Бірақ табиғи жолмен бала көтере алатындай мүмкіндігім болды. Сол себепті ЭКО жасату туралы мүлдем ойламаппын”, – дейді кейіпкер. 

Әдетте ұзақ уақыт бала көтере алмай жүрген қыз-келіншектерге қоғам тарапынан қысым болатыны жасырын емес. Алайда Маржан ем-шараларды дер кезінде бастап кеткендіктен, жақындары оған түсіністікпен қараған. 

Оның айтуынша, әйелдің эмоционалдық күйі жүктілікке әсер етпей қоймайды. 

“Алғашында қатты уайымдадым. Кейін көңілімді басқа нәрсеге бұрып, уайымға салынбауға тырыстым. Негізі әйелдің жақсы көңіл күйде жүргені маңызды. Себебі күйзеліс жүктілікке кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ тәуіп, емшілерге немесе жай гинеколог маманға баруға кеңес бермес едім. Жүктілікті жоспарлап жүргендіктен бедеулікті емдейтін білікті маманға қаралған жөн. Кәсіби маманға жүгінгеннен соң ешқандай ЭКО-сыз сәбилі болдым”, – дейді Маржан. 

Эмоционалдық күйге байланысты репродуктивті психолог Алена Беклемишова бедеулік диагнозы қойылған қыз-келіншектерге не істеу керегін айтып, ақыл-кеңесімен бөлісті.

Психолог маманның айтуынша, төменде аталған себептер бедеулікке әсер етпейді:

  • Көз тию, дуа;
  • Әйелдің анасының немесе апасының жасанды түсік жасатуы;
  • Жүктіліктен немесе босанудан қорқу;
  • Жақсы ана бола алмаудан, ауру бала туудан қорқу;
  • Үнемі үрейде жүру;
  • Барлығын бақылауда ұстауға тырысу;
  • Өзгерістерден қорқу;
  • Ана болуға асықпау;
  • Сәби өз уақытын күтіп жүр;
  • Босанғаннан кейін тәннің өзгерістерінен қорқу.

Әйелдер 95% жағдайда физиологиялық себептермен бала көтере алмайды. Статистикаға сүйенсек, бүгінде ер адамдарың белсіздігі 50% (сперматозоидтардың сапасыздығы), әйелдердің бедеулігі 50%-ды (гормоналды теңгерімсіздік, инфекция, қабыну, эндометриоз, т.б) құрайды. 25% жағдайда әйелдің де, еркектің де денсаулығында кінәрат бары анықталса, 5%-нан бедеуліктің себебі анықталмайды. Медицина қанша қарқынды дамыса да, кейбір аурудың себебін анықтау мүмкін емес. 

Репродуктивті психологтің айтуынша, әлемде әрбір сегізінші жұп бала сүйе алмай жүр. Статистика Қазақстандағы бедеулік көрсеткіші 16-17% жеткенін көрсетеді. Әр әйелдің ұрықтылығы (фертильность) әр түрлі екенін ескеру керек. Сондай-ақ нашар экологияның әсері де жоқ емес. 

Алёна Беклемишова әйелдер бірден бала көтере алмаған жағдайда не істеу керегін айтты.

“Көп әйелдің сәби сүйе алмауы оның жасына да байланысты. Әйел жасы ұлғайған сайын өзінің денсаулығын сеніп тапсыратын, бедеулікті емдеуге көмектесетін білікті репродуктолокты тапқан дұрыс. Ондай маманды табу үшін бірнеше дәрігердің қабылдауында болып көрген жөн. Қай дәрігердің саған деген қарым-қатынасы ұнаса, сол маманмен жұмыс істеген абзал. Сондай-ақ дәрігеріңіздің кеңесімен жүктілікті жоспарлап, алдын ала қажетті анализдерді тапсыру керек”, – дейді психолог.

Әйелдің эмоционалдық күйі бедеулікке әсер ете ме?

“Эмоционалдық күйдің бедеулікке әсер етуі екіталай. Олай болса, зорланған немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан өткерген әйелдер бала көтермес еді. Керісінше, бедеулік ерлі-зайптылардың эмоционалдық күйіне және қарым-қатынасына әсер етеді. Уақыт өте олардың бойындағы үрейдің үдейтіні сөзсіз. Бедеулікті емдеу шаралары да арзан дүние емес. Дәрі-дәрмек қабылдау, дәрігерлердің қабылдауында болу, түрлі инхекциялар мен тексерулер де оң нәтиже бермеуі мүмкін. Айналадағы бөтен адамдар мен жақын туыстардың толассыз сұрақ қойып, репродкутивті қысым жасауы да күйзеліске әкеліп соғады. Соның салдарынан менің алдыма бәрінен шаршағын, айналасындағылардан көңілі қалған, өзін кінәлі санайтын шарасыз әйелдер келеді. Мұндай жағдайда бедеулік емдеу қиынға соғады”, – дейді Алена Беклемишова.

Маманның айтуынша, осыған қарамастан көп ерлі-зайыптылардың 95%-ы сәби сүйіп жататын көрінеді. Сол себепті үзбей ем қабылдау керегін айтады.

“Психологиядық бедеулік” – ғылыми түрде дәлелденбеген термин

Күйзеліс пен ұрықтылықтың (фертильность) байланысы көп жылдан бері зерттеліп келе жатқанымен, эмоционалдық күй бедеулікке әсер ететінін дәлелдейтін дерек жоқ. Алайда репродуктолог пен гинеколог мамандардың айтуынша, тәжірибе күйзеліспен күресуге мәжбүр болған әйелдердің бала көтеруі қиынға соғатынын көрсеткен. Яғни, тікелей байланысы болмаса да, күйзелістің кері әсері бары анықталып отыр. 

Стресс

Алёна Беклемишованың айтуынша, стресс – кез келген ішкі және сыртқы өзгерістерге бейімделу процесін тудыратын пайдалы табиғи механизм. Стресс оң және теріс болып екіге бөлінеді. Біріншісі эустресс деп аталады. Ол мереке, емтихан немесе көлік сатып алған кезде ағзаны жұмылдырып, белсенділікті арттыруға көмектеседі. Ал дистресс – күйзеліс, бұл ұзаққа созылған эмоционалдық стресстің, жағымсыз эмоциялардың салдары. Ұйқының бұзылуы, қалжыратып жіберетін диета, ауру немесе қарт туыстарға күтім жасау, күйеуіңізбенмен немесе енеңізбен үнемі ұрыс-керіс, қаржылық тұрақсыздық, түрлі қорқыныш дистресске әкеліп соғуы мүмкін. Күйзеліс кезінде ағзада гормоналды теңгерімсіздік басталады. Ол аналық жұмыртқалардың пісіп-жетілуіне және эндометрияның қалыңдығына әсер етеді. 

Ұзақ уақытқа созылған күйзелістен білікті психолгтың көмегімен арылуға болады. Сондай-ақ мұндайда ең тиімді әдіс – EMDR терапиясы. Тіпті ДДҰ осы әдісті қолдануға кеңес береді. 

EMDR терапиясы – психологиялық жарақаттың салдарын жеңуге көмектесетін мидың нейробиологиясына негізделген интегративті психотерапевтік тәсіл.

EMDR терапиясының ерекшеліктері мен артықшылықтары:

  • Шиеленісті немесе ауыр эмоционалды күйден арылуға көмектеседі;
  • Жақсы көңіл күйде болу және мәселенің оң шешімін табу;
  • Жеке шекараны құрметтеу (егер терапевт маманға ішкі уайымыңызды айтқыңыз келмесе, өзіңізді мәжбүрлеудің қажеті жоқ);

 

Талқылау