Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының Назарбаев төрағалық ететін басқармасын таратып жіберді

Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорындағы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін басқарманы таратып жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назарбаев ойланып

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорды басқару жөніндегі кеңесті тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы заңға қол қойғаны жеткізілді.

"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы заңында 6-1-бап ("Қорды басқару жөніндегі кеңес") алынып тасталды", - делінген "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қорды басқару жөніндегі кеңес – Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіретін консультативтік-кеңесші орган.

Еске салсақ, Назарбаевты қорғау ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндетінен алынатынын хабарлаған едік.

Талқылау