Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

350 миллион теңгеге салынған Alibi City Park қараусыз тұр: Алматы әкімдігі ақпаратқа пікір білдірді

Facebook қолданушысы Alibi City Park-ты 350 миллион теңге жұмсалғанын, бірақ саябақтың бүгінде қараусыз тұрғанын айтып шағымданды. Ақпаратқа Алматы әкімдігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Бірнеше жыл бұрын қала билігі бұл аумақты жеке меншіктен алып, халықтың ақшасына Наурызбай ауданынан үлкен саябақ салды. Олар ағаштар отырғызды, жабдықтады. Бар істегендері осы. Бүгін бұл аймақ қараусыз, бос тұр. Ағаштар бәрі қураған, қоршаулар сынған. Бұл – Альма Матер көшесі (Шаймерденов көшесінің шығыс жағында).  Жергілікті тұрғындар дабыл қағуда. Бұл саябақ тамаша демалыс орны мен қала тұрғындарын тартатын әдемі жер бола алар еді. Ал қазір неге айналды? Не себепті ешкімнің бұнымен ісі жоқ? Наурызбай ауданының жаңа әкімі алдыңғысынан қалған мәселемен айналыса ма?”, – деп жазды ол Facebook-те. 

Алматы әкімдігі аталған жағдайға пікір білдіріп, нысанның әлі де жеке меншікте екенін айтты. 

"Alibi City Park" паркі жеке меншікте. Мемлекет сатып алған жоқ. Сондықтан Алматы қаласының әкімдігі оған жауап бермейді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 189-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті ұстау ауыртпалығын көтереді. Дегенмен, меншік иесінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта саябақты тиісті түрге келтіру үшін қаражат іздеу жұмыстары жүргізілуде”, – деп жауап берді әкімдіктен. 

 

Талқылау