Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 4 миллиард теңгеге салынған жастар саябағының тоз-тозы шығып, жарамсыз күйде қалған

Атырауда 4 миллиард теңгеге салынған жастар саябағының тоз-тозы шыққан. Үш жыл бұрын ғана қолданысқа берілген демалыс орнында қиыршық тастар үгітіліп, жүгіртпе жол жарамсыз болып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

видеодан скриншот/қала тұрғыны

Бұдан бөлек жарық шамдар істен шыққандықтан саябақта түнде жүру мүмкін емес дейді тұрғындар. Ал қоғамдық орынды жеке компания өз қаражатына жасап, қаланың 380 жылдығына тарту еткен еді. Алайда әкімдік қомақты қаржыға салынған саябақты дұрыс күтпей, әбден тоздырды дейді халық.

Фото: atpress.kz

“Төрт миллиард кетіріп салған екен. Өте қауіпті жүру, элементарно балалармен қыдыра да алмайсың. Бұл ақшаға Түркиядағы сияқты мықты парктер салуға болады ғой. Сапасынан-ақ белгілі ғой қарап тұрсаңыздар. Ешқандай гүлдер де егілмеген”, – дейді Атырау қаласының тұрғыны Динара Орынтаева. 

Фото: atpress.kz

“Жастар саябағы деп атайды ғой, бірақ мұнда жан-жақтан келіп ойнайды ғой. Енді көп адам болған соң тозығы жеткен ғой. Көңіл деген толыңқырамайды, негізі жөндеу жұмыстары керек”, – дейді Атырау қаласының тұрғыны Биғайша Сабикенова.

Фото: atpress.kz

Қаладағы өзеннің жағалауын бойлай 6,5 гектар жерді алып жатқан саябақ ерекше архитектуралық композициялармен, заманауи технологиямен жасалған субұрқақтармен жабдықталған еді.

Фото: atpress.kz

Алайда қазір қоғамдық орынның бүлінген жері көп. Айналасы қоқысқа толып, ойын алаңдары жарамсыз болып қалған. Ал әкімдіктегілер саябақтың кем-кетігін не себепті дер кезінде жөндемегенін түсіндірген жоқ. Тек мемлекеттік сатып алу аясында жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жариялағанын айтты.

Фото: atpress.kz

“Уақыт өте келе ақау пайда болды. Десе де біздер бірден қалпына келтіруді бастадық. Қазір конкурс жарияланды. Енді мердігер анықтала сала бәрі қалыпқа келеді, нақты тамызда тапсырамыз. Ал тұрғындарға қауіпті аймақтар қазір қоршауда”, – дейді  Атырау қалалық түкш және тұрғын үй инспекциясының бөлім меңгерушісі Нұрбол Жанпейісов. 

Фото: atpress.kz

Фото: atpress.kz

Талқылау