Қостанай облысында өрт болған орманға отырғызылған ағаштар қурауда
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өткен жылы өртенген орманның орнына отырғызылған қарағайлар өлуде. Себебі белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Карагандинские новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әулиекөл ауданында өртенген орманның орнына отырғызылған жас қарағайлар осы жазда кеуіп бастады. Ағаштар сарғайып, тікендері түсіп жатыр.
Өткен күздебұрын өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызу жоспарланғаны хабарланды. Орманшылар жас ағаштардың кебуінің себебі неде екенін айта алмады.
"Қазір "Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығына" хат дайындап жатырмыз. Қарағайлардың қандай себеппен қурап жатқанын анықтау керек. Стандартты түрде көшеттерді түгендеу күзде жүзеге асырылады”, – деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Рүстем Қаркенов.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан