Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорғаншылық органға тапсырғысы келген": Ақмола облысында әйел 16 жастағы ұлын полиция бөлмішесінде қалдырып кеткен

Ақмола облысының Ақкөл ауданында әйел қиын жағдайда болуына байланысты 16 жастағы ұлын қорғаншылық органдарына беру үшін полицияға әкелген. Өтініш жазған соң қашып кеткен ана біраз уақыттан кейін ұлын өзі іздеп келген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "NewTimes.kz" порталына сілтеме жасап.

Ақкөл ауданының полициясына 49 жастағы ана жүгінген.

Әйел өзінің қиын жағдайда болуына байланысты 16 жастағы ұлын балаларды қолдау орталығына орналастыруды шешкенін айтады. Алайда бұл шешімге білім бөлімінің қызметкерлері қарсылық танытқан екен. 

Кейін ол тиісті ұйымдарды анықтау үшін Ақкөл аудандық білім бөлімінің қорғаншылық органдарына әкелген. Полицияға арыз жазған кезде ол ұлын кеңсе ғимаратында қалдырып, өзі белгісіз бағытта жоқ болып кеткен.

Бір сағаттан кейін ол кәмелетке толмаған баланы қайтару туралы өтінішпен полиция бөлімшесіне қайта оралған.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар Ақкөл аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция бөлімінің инспекторларымен бірлесіп, қажетті профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Оның ішінде тұрғын үй жағдайына сауалнама жүргізілуде. Бұл мәселені кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысында қарау жоспарлануда.

Талқылау