Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесі күдіктінің үйінің ауласынан табылды: ШҚО-да жарты жыл бұрын жоғалған келіншек зорлықпен өлтірілген

Шығыс Қазақстан облысында жарты жыл бұрын үш баланың анасын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өткен жылдың тамыз айынан бері хабар-ошарсыз кеткен деп саналған Ұлан ауданының тұрғынын өлтіру оқиғасының шындығын ашы. 

47 жастағы Сәния Садықованың ағасы өткен жылдың 16 тамызында полицияға хабарласып, әпкесі үйден шығып кетіп, оралмағанын хабарлаған. Әйел Ұлан ауданында тұрып, жұмыс істеп, үш бала тәрбиелеп отырған.

Айтуларынша, әйел жоғалып кетпес бұрын жалақысын алып, жұмыстан шығып кеткен. Артынша Сәнияны ешкім көрмепті.

"Достар мен туыстарының айтуынша, Сәния Өскемендегі жұмысын аяқтап, төлемақысын алып, Бозанбай ауылындағы үйіне кеткен. Мұны әкесі мен оны әкелген такси жүргізушісі де растайды. Таңертең ол малын айдап жүріп, жоғалып кеткен. Оны ешкім көрмепті. Ата-анасы да, көршілері де, такси жүргізушілері де келіншектің қайда екенінен бейхабар болған", –  дейді әйелдің ағасы Бақтияр.

"Бұл дерек тіркелді, полицейлер із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге кірісті. Бес айдан астам уақыт бойы Шығыс Қазақстан облысы Тәртіп сақшылары еріктілермен бірге 47 жастағы қала тұрғынын үздіксіз іздестіруде. Барлық полиция бөлімшелеріне іздеуде жүрген адамның белгілері бар бағыт-бағдар жолданды", – деді ШҚО ДПД.

Тек 3 қаңтарда Ұлан аудандық ішкі істер бөліміне жеке тұрғын үйдің ауласынан жәбірленушінің атына жеке куәлігі бар әйелдің сөмкесінің табылғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Келген бойда аумақты тексеріп, қазба жұмыстарын жүргізген полицейлер зорлықпен өлім белгілері бар іздеуде жүрген әйелдің мәйітін тапты.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Ұлан аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәсін мойындаған күдіктіні ұстады", – деп хабарлады полицейлер.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды. Ұсталғанға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Талқылау