Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қазақстандық Әсел Айтпаеваның қайтыс болуы туралы іс бойынша үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.  

"Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі оған тағылған айып бойынша М-нің  кінәсінің дәлелденуіне байланысты өзгеріссіз қалды", - делінген хабарламада.

Тамыз айының басында елордалық сот Мұрат Мейірбековті "Зорлау" және "Адам саудасы" баптары бойынша кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Алайда үкімге сотталған М. мен оның қорғаушысы шағымданған. Олар оны ақтауды және ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Үкім заңды күшіне енді.

Іс бойынша, Мейірбеков Әселге Грузия Республикасында айына 500 АҚШ долларында жалақысы бар жұмыс істеуін ұсынған және оның Қазақстаннан Грузияға ұшып келуіне ықпал еткен.

"М. пәтерінде жәбірленушінің ұйқылы жағдайын пайдаланып, оның еркіне қарсы, дәрменсіз күйін пайдалана отырып, жәбірленушіні зорлаған. Кейін М. пайда алу және оның қызметіне қамқор болған Грузия азаматы Б-ның тарапынан оған оң көзқарас танытуы мақсатында Грузия азаматы Б-ға әрі қарай сексуалдық пайдалану үшін А-ны тапсырған", - делінген ақпаратта.

Кейін Әсел өзіне қатысты зорлық-зомбылықты одан әрі болдырмау үшін үйдің 9-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен секіріп, оқиға орнында көз жұмған.

Талқылау