Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Семіз кезімде үйден шықпайтынмын": 56 келі салмақ тастаған әйел сырымен бөлісті

Бұрын салмағы 135 киллограм болған Ұлыбритания тұрғыны дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстанудың арқасында бір жылда 56 киллограмға арықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yahoo News сайтына сілтеме беріп.

арык

Көрнекі сурет

26 жастағы Аида Азизидің жастайынан денсаулығы сыр бере бастаған. 16 жасында аналық поликистоз диагнозы қойылып, аурудың әсерінен салмақ қосқан.

"Мен өз денемнен ұялып, әрдайым қара киім киетінмін және ешқашан суретке түспедім", — деп атап өтті әйел.

Әлеуметтік желілерде оны қорлап, мазақ қылатындар көбейіп, соның әсерінен ол үйден шығуды тоқтатқан.

Содан кейін ол өзін қолға алып, диета ұстады. Алғашқы үш айда Аида күніне 500 килокалория өнім тұтынған, содан кейін күніне 800 килокалорияға дейін тамақтанды. Бұған дейін ол күніне үш мың килокалория тамақ жеп, күніне төрт рет тамақтанған, фаст-фуд өнімдерін жеген. Қазір фаст-фудты шектеп, таңғы асқа жұмыртқа мен тосттың жартысын жейді. Түскі асқа тауық еті мен көкөністер, ал кешкі асқа кускус пен қой етін немесе көкөністер жейді.

Азизи жаңа диетаға үйрену үшін уақыт қажет екенін, күш-жігер керек екенін атап өтті. Дәрігерлер оған гормондардың деңгейін реттейтін дәрі-дәрмектерді тағайындады. Британ әйел әлеуметтік желілердегі бейнелердің кеңестеріне сүйене отырып, спортпен айналыса бастады.

Қазір ол өзін әлдеқайда өзін сергек әрі бақытты сезінеді. Жас әйел өзіне күтім жасап, киім үлгілерін ауыстырды. Достары мен туыстары оның мінезі жақсы жаққа өзгергенін атап өтті.

Талқылау