Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мынаны қалай киюге болады?": Жетісу облысында оқушыға тым үлкен форма берген мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды

Жетісу облысы білім басқармасы оқушыға берілген үлкен размердегі мектеп формасын ауыстырып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін оқушының анасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қызына берілген мектеп форманың шамадан тыс үлкен екендігіне шағымданған еді.

Әйелдің сөзінше, әлеуметтік көмек алу туралы өтінішке қызының өлшемін дұрыс жазған. Алайда үлкен форма берілген. 

Осы жайтқа байланысты Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме беріп, бұғаған жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс берілгенін жеткізді.

"Кербулақ ауданы Нұрым ауылының 4 сынып оқушысы жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көмек алатын оқушылардың тізімінде болмаған. Анасының өтінішіне байланысты мектеп формасы берілген, оқушыға өлшемі үлкен болған. Бүгінде форма ауыстырып берілді. Орын алған жағдайға жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды",- делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай туралы Атырау тұрғыны мәлімдеген еді. Тұрғын 1-сыныпқа баратын ұлына ересектерге арналған киімнің берілгенін айтқан.

Талқылау