AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АҚШ-та жалақысы ең көп төленетін жұмыстардың бірі": Америкада жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейтін қазақстандық ару табысы туралы айтты

Қазақстан азаматы 27 жастағы Екатерина Миронова Америка Құрама Штаттарында алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізуші қызметін атқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz басылымына сілтеме жасап. 

Екатеринаның жүк көлігінің жүргізушісі ретіндегі кәсібі 3,5 жыл бұрын оның Штаттарда логистикалық компанияда диспетчер болып жұмыс істеп, жүргізушілер үшін жүктерді жинап беріп жүрген кезінен басталған. Ару бір сәт өзін жүк көлігін жүргізетіндердің орнына қойып көріп, бұл маман иелеріне қызығушылықпен қарайды. 

“Бірде күйеуім екеуміз жұмысқа бара жатып, мен одан: "бүкіл Американы аралап жүру керемет шығар. Мүмкін, бізде жүк көлігін басқаруға арналған куәлік алсақ ше?" деп сұрадым. Ол маған “Байқап көрейік" деп айтты. Біз бұл мәселені екі айдың ішінде шештік: көлік жүргізуді үйрететін мектеп таптық, үш айдың ішінде оқып, жүргізуші куәлігін алдық”, – деп Екатерина мансап жолының қалай басталғанын еске алды. 

Күйеуі екеуі бірге жұмыс істеп бастаған

Осылайша ол қауіпсіз болу мақсатында күйеуімен жұмыс істей бастаған. Алайда, жүргізуші курстары аяқталғаннан кейін бірден жұмысқа орналасу оңай болған жоқ, дейді ол. Мұның қарапайым себебі, жұмысты жаңа бастағандарға логистикалық компаниялар да, жүк жөнелтушілер де, сақтандыру компаниялары да сенбейді.

Ал жұмысқа алу үшін, кем дегенде жарты жылдық еңбек өтілі қажет. Сондай-ақ сақтандыруды ресімдеу үшін бұл талап міндетті көрінеді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар екінші жүргізуші ретінде жұмыс табады. Ал алты ай жұмыс істегеннен кейін Екатерина мен оның күйеуі кәсіби жүргізушілер ретінде басқа компанияға ауысып кетеді. 

Алдымен біз серіктес жүргізушілер ретінде жұмыс істедік. Фирма бізге жүк көлігін беріп, біз өткен миль бойынша жалақы төледі. Осылайша біз екі жыл жұмыс істедік. Осыдан соң біз екі көлікті жалға алып, бір жылға жуық уақыт жұмыс істедік. Осылайша, өз көлігімізді алуға бастапқы жарна жинай алдық. Қазір біз машинаның иелері болып саналамыз, бірақ оның қарызын толық өтемегендіктен әлі төлейміз. 

Қазір Екатерина мен оның жұбайы қайтадан жұптасып жұмыс істейді. Сәйкесінше көбірек жүріп, көп қаражат таба алады. Заң бойынша, АҚШ-та бір жүргізуші 11 сағаттан артық көлік жүргізбеуі тиіс. Ал түсіру, тиеу, жанармай құю және тоқтап демалуға үш сағат беріледі. Осы ережені бұзғаны үшін жүк көліктерінің жүргізушілері қатаң жазаға тартылады. Жүк көлігін жүргізіп бастаған борттық компьютерге орнатылған электронды журнал арқылы жұмыс және демалыс кестесін бақыланып отырады. 

“Бұрын біз қағаз журналдармен жұмыс істейтін едік. Әріптестерім оған кез-келген нәрсені жазатын. Кейде беттерін жыртып, қайта жаза салатын. Жүргізушілер көбірек жүріп, неғұрлым көбірек ақша тапқысы келетін. Осының салдарынан рөлде ұйықтап кетіп, көптеген апаттар орын алды. Жұбайымыз екеуміз әрқайсысымызға 11 сағаттан көлік жүргізу керек. Мен 11 сағат жүремін – күйеуім ұйықтайды. Күйеуім жүреді – мен демаламын. Тәулігіне 22 сағат бойы тоқтаусыз жүре аламыз”, – дейді ару. 

3,5 жылдың ішінде Екатерина күйеуі екеуі Американың 50 штатының 48-ін жүріп өткен. Тек Аляска мен Гавайиге ғана жолдары түспепті. Осы уақыт ішінде олар 500 мың мильден астам немесе 400 мың шақырым жол жүріп, тіркемелердің барлық түрлерімен жүздеген тонна жүк тасымалдаған. 

“Алғашқы сапарларымыздың бірінде 20 метрлік тіркеменің бүкіл ұзындығына тақтайлар салдық. Қыс кезі болатын, қараңғы және өте суық болды. Жүк биік болғаннан кейін бетін жаба алмадық. Осыдан соң қар жауып, ағаш ылғал болып, бірден қатып қалған. Жүкті тиеуге шамамен алты сағат жұмсадық, бірақ бұл әдетте бір жарым-екі сағат қана уақытты алатын. Үсті-басымыз су болып, тоңып қалдық. Кейін түні бойы жүк түсірдік. “Сол кезде әрқашан осылай жұмыс жасаймыз ба?!” деп шошыған едік. Бірақ мен әрқашан бұлай жұмыс істеудің қажеті жоқ екенін кейін түсіндік”, – дейді ару. 

"Мен өз жұмысымда ақшаны жақсы көремін"

Екатеринаның айтуынша, ол өз кәсібінде тапқан табысын жақсы көреді. Өйткені, жүк көлігі жүргізушісінің жұмысы осы уақытқа дейін АҚШ-та ең көп ақша төленетін кәсіп ретінде саналған.

Ол күйеуі екеуі бірге аптасына 13-17 мың доллар жалақы алатынын айтады. “Таза” табыстары 7 мың долларды құрайды. Қалғаны міндетті шығындарға кетеді: автомобильдерді техникалық байқаудан өткізу, сақтандыру және ақылы жолдар, диспетчер комиссиясы, салықтар және т.б. Бірақ шығындардың негізгі бөлігі жанармайға кетеді. Соңғы уақытта бензин бағасының өсуіне байланысты темір тұлпарларды “қоректендіру” қиынға түсіп жүрген көрінеді. 

“2022 жылы дизель бағасы бір жарым есе өсті. Егер бұрын 1 галлон үшін (1 галлон - 4,5 литр. - F) біз 3,80 доллар беретін едік, қазір бағасы 5,50 долларға дейін көтерілді. Егер біз бұрын толық резервуарды 750 долларға толтырсақ, қазір 1 200 долларға көтерілді. Ал резервуар максимум 1 200 мильге жетеді. Біз аптасына бес мың миль жүріп өтіп, үш-төрт рет жанармай құямыз. Ал тасымалдау қызметтері, керісінше, арзандады. Осылайша, біз қазір аз ақша тауып, көп жұмсап жүрміз”, – дейді ол. 

"Олар маған маймыл көргендей қарайтын"

Айтуынша, қыздың жүк көлігін айдап отырғанын көрген адамдар оған маймыл көргендей қарайды екен. 

“Тіпті менімен суретке түскендері де болды. Мен оған қарап ыңғайсызданатын едім. Бірде мен көлігіммен зат тиеуге бардым. Олар менен "қыз, жүргізуші қайда?" деп сұрады. Мен тиісінше өзімнің жүргізуші екенімді айттым. Олар маған: "әзіл айтуды доғарыңыз, бізде оған уақыт жоқ, жүргізушіні шақырыңыз", - деді. Жүргізуші куәлігім мен санаттарымды көрсетпейінше, олар маған жүктерін тиегісі келмеді. Осыдан кейін олар менен ұзақ уақыт кешірім сұрады, өйткені Америкада бұндай мінез-құлық көрсеткең, кемсітушілік жасаған болып саналасың. Тіпті, сотқа жүгінуге болады. Бірақ артықшылықтары да бар. Олар маған жүк түсіруге және тиеуге, кезексіз өткізіп жіберуге көмектеседі”, – деп еске алады Миронова.  



Ару Екібастұз қаласының тумасы. Америкаға 2015 жылы Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университетінің студенті ретінде барған. "Туризм" мамандығы бойынша оқыған ол әрқашан саяхаттауды армандағанын айтады.  

Екінші курста Екатерина өзінің курстастарынан Work and Travel бағдарламасы туралы білген. Кейін осы бағдарламамен Америкаға бару үшін ақша жинай бастайды. Басында бұл қол жетпестей көрінді, дейді ол. Алайда сессиясын тапсырғаннан кейін қыз жалғыз Америкаға кетуге бел буады. 

Сондай-ақ ару АҚШ-та еліне қайтпаған себебін түсіндіріп берді. 

Америкада қиналған сәттерім де болды. Бірақ бұл елдің болашағыңды жасай алатыныңды сезесің", – деп күледі Екатерина.

“Мен Америкада сенің туыстарың, байланыстарың болмаса да, бір нәрсеге қол жеткізуге болатынын түсіндім. Сол кезде маған Қазақстанда болсын, Ресейде болсын “тіреп” тұрған адамың болмаса бұл өмірде жетістікке жетпейтіндей көрінетінсің. Сондықтан мен штатта қалып, өз күшімді сынап көргім келеді. 

Катя Америкада кофехананы ашуды армандайды. Ол осы мақсатқа жақындап қалғанын жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр