Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауыл мен нөсер жаңбыр: Алдағы күндері ауа райы қалай болады?

Қазгидромет 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысындағы ауа райын солтүстік-батыс циклон анықтайды. Ал оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонның ықпалында болады, осыған байланысты елдің барлық аумағында жаңбыр жауады.

“19-21 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20-21 мамырда батыста, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі”, – делінген хабарламада.


Маусым мен шілде айларында ыстық болады: Жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамы жарияланды

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Мамыр, 2022 09:40
Талқылау