Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар мобильді операторлардан тегін 5 гб интернетті қалай ала алады?

Әлеуметтік желілерде қазақстандық операторлардың 5 ГБ интернет таратып жатқаны туралы ақпарат тарады. Stan.kz ақпараттың рас-өтірігін анықтады. 

Теле2, Kcell, Beeline компаниясының өкілдері бірауыздан тұрғындарды қолдау мақсатында әлеуметтік бастама қолға алынғанын растады. 

5-11 қаңтар аралығында ел аумағында мобильді интернетке қолжетімділік шектеулі болды. Осы себепті абоненттер тұрғындарды қолдау үшін арнайы бағдарлама әзірлеген. 

Өтемақы ретінде абоненттер пайдаланушыларына 5 ГБ бонустық пакет береді. Бонустық пакетті алу үшін: 

Теле2 абоненттері *198# пәрменін теру керек.  

Kcell абоненттері *505*1# пәрменін теруі тиіс.

Beeline абоненттері *2022# пәрменін теруі қажет. 

Бонустық гигабайттардың жарамдылық мерзімі – 30 күн. Оларды 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін алуға болады.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 18 Қаңтар, 2022 17:03
Талқылау