Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мұғалім оқушыға лас шүберек беріп, көзіне сызылған бояуды өшіруге мәжбүрлеген

Білім және ғылым министрі ең көп суицид жасалған мектептерді тексеріп, қорытындыларын жариялады. Тоғыз айдың ішінде тек Түркістан облысында 31 оқушы өз өмірін қиған. Бұдан басқа 16 бала зорланған, ал 28-і жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне ұшыраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Әсіресе, көптеген оқыс оқиғаларға мектеп психологтары мен мұғалімдер араласады. 

Гаухар Өтебаева көздерін бояған 13 жасар қызына мұғалімнің жасаған іс-әрекеті қатты ашуландырғанын айтады. 

“Мұғалім оған шүберек беріп, сүртуге мәжбүрлеген. Қызы боялған көздері өшірілмейтінін, қазір өшіре алмайтынын айтып түсіндіреді. Оған дәретханаға баруға мүмкіндік берсе, көзін жуып келуіне болатын еді. Алайда мұғалім қарсы болып, бүкіл сабақ бойы көзіндегі бояуды өшіртуге мәжбүрлеген”, – дейді Гаухар Өтебаева. 

Гаухар қызына жасалған іс-әрекеттің дұрыс еместігін айтқаннан соң, мұғалім қатесін мойындаған. Бірақ бір аптадан кейін тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші қызға мүлдем басқа әңгіме айтқан. 

Ол қызыма ашық түрде: егер көзіңді бояп келгеніңді тағы бір рет көретін болсам бетіңе түкіріп, сүртететін боламын”, – деп айтқан дейді ол. 

Анасы қызының көздерін бояғанын мақұлдамайды. Бірақ ол баланың өсіп, жаңа образдарды сынап көргісі келетінін түсінеді.

Психологтардың айтуынша да, жасөспірімдер өздеріне ерекше назар аударылып, трендтен қалғысы келмейтінін айтады. 

“Бұл дене өзгеретін кезең, денеге назар аудару керек болады. Осы кезде жасөспірім денесін қабылдау үшін оны өзгерткісі келеді. Бояп, бірдемелер салғысы келеді. Содан кейін ғана мен денені қабылдай аламын деп ойлайды”, – дейді психолог Людмила Лысакова. 

Ал Иванның ата-анасы балаларының жаңа стиліне үйренуіміз керек деп шешкен. Олар баласының боялған шашы мен құлағындағы сырғасына алаңдамайтын көрінеді. 

Иван Лысаков

“Маған өзгелерден ерекше болған ұнайды. Әкеме құлағымды тескім келетінін айтқанымда: "Жарайды, тек бір ай бойы тырнақтарыңды боямайсың", - деді. Мен бұған келістім. Ол шаш туралы ештеңе айтқан жоқ”, – дейді Иван. 

Есесіне оқушадан мұғалімдері шашын қысқартуды талап еткен. 

“Мұғалімдер менен бірнеше рет шашымды кесіп, тырнақтарымды сүртуімді сұрады. Бірақ одан соң менің жаңа образыма үйреніп алды. Ондада : "ең болмаса мектепке келіп жүрсің ғой – жарайсың", – дейді оқушы. 

Қасын тесу, құлаққа сырға тағып, шаш бою. Бұндай образдарды Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Амир Бұзыбаев оқушы кезінен бастап жасаған. Оны мұғалімдер қанша жерден айыптағанымен, жас жігіт сырт келбетін өзгертіп тәжірибе жасауды жақсы көрген. 

“Бірде мен тырнақтарымды гельмен бояп бардым. Тарих пәнінің мұғалімі ұзақ уақыт бойы: Не үшін керек бұл саған? Өшір! Қыз сияқты көрініп тұрғаныңды білесің бе?" деп тиісіп қоймады. Бұл сол кезде оқу процесіне ашық образдардың қандай кедергі келтіретінін түсінбейтінмін. Негізінде, оқу процесіне кедергі келтіретін мұғалімдердің өзі”, – дейді Амир. 



Амир Назарбаев Зияткерлік мектебін биыл ғана бітірген. Ол өзі оқыған барлық оқу жылдарында белгіленген ережелерді сақтағанын айтады. Әрқашан мектеп формасын киіп жүрген ол ұзын шаштарының директорға қандай кедергі келтіргенін түсінбейді. 

“Мен оған шашымның жақсы күтілгенін түсіндіруге тырыстым. Оның жуылып, таралғанын, жиналып тұрғандықтан ешкімге кедергі жасамайтынын айттым. Бірақ ол шынымен берілгісі келмеді. Ұзақ уақыт бойы өз айтқанынан қайтпады. Нәтижесінде мен модель болып жұмыс істейтінімді, агенттік маған шаш қиюға тыйым салғанын айттым. Бұдан соң ол жарайды деп қоя салды”, – дейді түлек. 

Өз кезегінде мұғалімдер де жігіттің ата-анасына шағымданып, сабақ кезінде оны сөгіп алу мүмкіндігін жіберіп алмаған. 

"Шаш үлгің жігіттікіне ұқсамайды ғой. Қыз сияқты көрінесің" деген сөздер айтатын. Мен бұл стереотиптерді түсінбеймін. Өйткені менің ойымша, шаштың ұзындығы немесе шаштың түсі менің сырт келбетім мен жынысымды қандай-да бір жолмен анықтамауы керек”, – дейді ол. 

Назарбаев Зияткерлік мектебі сегізінші сынып оқушысы өз-өзіне қол салғаннан кейін жасөспірімдер стереотиптермен күресуге шешім қабылдады. Ұлдар юбка киіп, акцияға шықты. Киімнің жынысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

“Біз жай ғана өз ойын білдіргісі келетін, жеке киім стиліне деген көзқарасы бар барлық адамдарды қорғағымыз келеді. Біз оларды сөзбен қорлағандарын қаламаймыз. Сондықтан біз киімнің жынысқа қатысы жоқ екенін көрсеткіміз келді. Егер жігіт белдемше киетін болса, бұл оның дәстүрлі емес жыныстық көзқараста екенін білдірмейді. Бұл оның жай ғана белдемше кигісі келетінін ғана білдіреді”, – дейді  Дариға Жаңабаева. 

Көз жұмған 8-сынып оқушысы туралы құрдастары оның елден ерекше болып көрінгісі келетінін, бұрындары да қызық үшін белдемше кигенін айтады. Алайда ол кезде жасөспірімнің істеген қылықтары жағымсыз көзқарас тудырмапты. Бірақ сол күні тематикалық мектеп балына оны кіргізбей қояды. Куратор сыныптастарының көзінше балаға ұрсып, ақырында ата-анасын шақыртып алып кетеді. Осыдан соң оқушы үйінде 11 қабаттан секіріп кетеді. 

Білім министрлігі бұл оқиғаға түсініктеме беруден бас тартты. Элиталық мектеп оған бағынбайды. Шенеуніктер тек балалар киімдегі гендерлік айырмашылықтарды сақтауы керек дейді. Бұл мектеп ережелерінде де жазылған.

“Мектеп формасы – ол кіші сыныптан бастап балаларға дұрыс киім киюге үйретеді. Менің ойымша, бұл өте дұрыс. Тиісінше, ашық түсті киімдер, боялған шаш, макияж жасау секілді заттарға тыйым салынған. Сондай-ақ, бұндай қылық істеген балалар жазаланады”, – деді Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Мамандардың айтуынша, қазіргі балалардың ойлау қабілеті де, құндылықтары өткен буыннан ерекшеленеді. Интернет дәуірі шектеулер мен жауакершілікке қарсы ұрпақты тәрбиелеп шығарды. 

“Олар мүлдем жаңа буын. Тоталитарлық режимнің не екенін білмейді. Қорқыныштың не екенін білмейді. Мұндай бөлек жүйеге келгенде, әрине, наразылық білдіреді. Ұстаздарды өзгерту керек. Өйткені жаһандану дәуірінде, технологиялар ғасырында, интернет болған кезде мұғалімнің рөлі мен мәртебесі мүлде басқа болмақ. Бүгінде ұстаз білімнің жалғыз көзі емес”, – дейді саяси ғылымдар кандидаты Толғанай Үмбетәлиева. 

Оларды жаңа Z ұрпағы деп атайды. 2000 жылдан кейін туылған балалар мұғалімдерден емес, Google-ден сұрайды. Олардың ақпарат алуға көбірек мүмкіндіктері бар. Олар сыртқы әлемдегі өзгерістерге басқаша қарайды және тыйымдар мен ережелерді басқаша қабылдайды. Қалай болса да, барлық уақытта баламен көбінесе не ойлайтыны, жағдайға қатысты қандай пікірде екенін сұрап біліп отыру қажт.

Талқылау