Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында жоғалып кеткен ағайындылардың тағы бірінің денесі табылды

Павлодар облысында 5 қазанда жоғалған ағайындылардың тағы бірінің денесі Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі даладан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"26 қазан күні сағат 16:20-да Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі даладан ағайындылардың екіншісінің денесі табылды. Ол 1985 жылы туған. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптама тағайындалды", - деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 19 қазан күні Ақсу қаласының полициясына Екібастұз тұрғыны хабарласып, екі ағайындының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы айтты.

Олардан 5 қазаннан бері хабар-ошар болмаған. 25 қазан күні ағайындылардың бірінің мүрдесі табылды. Сараптама қорытындысы бойынша өлім себебі – ағзаның суықтап қалуы.

STAN.KZ
Сейсенбі, 26 Қазан, 2021 18:46
Талқылау