Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, жел, қар: Қазақстанның бірқатар өңіріне дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" Қазақстанның бірнеше облысында күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

12 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавлда 12 қазан күні жауын-шашын болып, қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

12 қазан күні түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Жезқазғанда 12 қазан күні түнде тұман түседі.

12 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады.

12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

12 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батыска ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Көкшетауда 12 қазанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15 метрге жетеді.

12 қазанда Атырау облысының оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Қазан, 2021 17:13
Талқылау