Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш мыңнан астам дін қызметкері педофил болып шықты

Француз ғибадатханаларындағы жыныстық зорлық-зомбылық жөніндегі тәуелсіз комиссияның зерттеу нәтижелері бойынша педофилияға 3 мыңнан астам католик дінбасылары қатысады. 10 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер шіркеу қызметкерлері тарапынан жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болатын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шіркеуде орын алатын кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық туралы мәліметтерді комиссия екі жылдан астам уақыт жинаған. Нәтижелері адам шошырлықтай. 1950  жылдардан бастап француз ғибадатханаларының қызметшілері арасында 2900-3200-і педофилдер болуы мүмкін.

Комиссия мүшелері сот және полиция мұрағаттарынан, сондай-ақ куәгерлердің айтқанынан айғақтар жинады. Зерттеудің толық есебі шамамен 2,5 мың беттен тұрады. 

Комиссия педофилдер мен олардың құрбандарының саны бойынша бағалау мүмкін болғаннан аз екенін айтады. 

2019 жылдың қысында Ватиканда Рим Папасы Францисктің бастамасымен балаларды қорғау мәселелері қарастырылған католик шіркеуінің жоғары иерархтарының кездесуі өтті. Сол жылдың күзінде Француз БАҚ-тары діни қызметкерлердің жыныстық қылмыстары туралы жанжалдар Ватиканға сенушілердің садақаларын азайтып, айтарлықтай материалдық шығын келтіргенін хабарлады. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 04 Қазан, 2021 16:40
Талқылау