Қазақстанға Vero Cell вакцинасының 3 миллион дозасы жеткізілді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға Sinopharm компаниясы өндірген Vero cell вакцинасының 3 миллион дозасы жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
10 тамызда Қытайдан коронавирусқа қарсы Vero Cell вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілген болатын.
Қытай вакцинасының бірінші партиясы 1 миллион дозадан тұрды.
Вакцинаны өндіруші – Бейжің биологиялық өнімдер институты (Beijing Institute of Biological Products Co., Ltd), Sinopharm компаниясы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Vero Cell вакцинасын биыл 7 мамырда төтенше жағдайда қолдануға арналған дәрілер тізіліміне енгізді.
ДДСҰ Vero Cell вакцинасын 18 жасқа толған адамдарға салуды ұсынды.
Vero Cell вакцинасының бір дозасы – 0,5 миллилитр. Вакцинаның екі дозасын салдыру ұсынылады. Екеуінің арасы 3-4 апта немесе 21-28 күн болуы қажет.
Егер екінші бөлігін бірінші компонентін салдырғаннан 3 апта өтпей салдырар болса, оны қайта салдырудың қажеті жоқ. Ал егер екінші дозаны алу 4 аптадан созылып кетсе, мүмкіндік туа сала салдырған жөн. Мұндай жағдайда дәрігермен кеңескен дұрыс.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
