Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішек-қарны жолда жатты": Шымкентте 4 жасар қыз автобустың дөңгелегінің астына түсіп көз жұмды

Шымкентте жан түршігерлік оқиға орын алды. 4 жасар қыз автобустың дөңгелегінің астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Сәбиді қаққан жүргізуші оны жол бойымен бірнеше метрге дейін сүйреп кеткен. Бала жедел жәрдем келгенге дейін ауыр жарақаттан қайтыс болды.  

Куәгерлер жүргізушінің не болғанын бірден байқамағанын айтады. Себебі ол құлаққап киіп отырған көрінеді.

Бұл бейнені қайтыс болған қыздың әкесі түсірген. Оның 4 жасар қызын автобус жол бойымен бірнеше метрге сүйреп әкеткен. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші баланы қағып кеткенін байқамай да қалған. Ол өтіп бара жатқан адамдар айқайлап, баланы қаққаны туралы белгі бере бастағанда бірақ тоқтаған.

"Жүргізушінің құлағында құлаққап болды. Жолдың бойында тұрғандардың бәрі оған айқайлады. Содан кейін ғана ол автобусты тоқтатып, дөңгелектің астына қыз жатқанын көрді", - дейді куәгер Мадина Ақпаралиева.

"Мен бәрін терезеден көрдім. Қыз ол кезде жолдың ортасында тұрған.  Автобус осы жерден келе жатты.  Жылдамдығы жоғары еді. Мен жүргізушінің көлік жүргізу кезінде тамақ ішіп отырғанын байқадым. Менің ойымша, оның құлағында құлаққап болған. Ол қызды сәл бұрылып барып, қағып кетті", - дейді куәгер Амина Тұрғанбаева.

Сол күні кішкентай Залина басқа балалармен аулада ойнап жүрген. Бірақ ол әкесінің жұмысына бармақ болған. Қыздың әкесі жақын жерде жұмыс істейді.

Осылайша кішкентай қыз жолдан өтіп бара жатып, көп тонналық автокөліктің дөңгелектерінің астына түсіп кетті. Әкесінің айтуынша, соққыдан кейін қыз біраз уақытқа дейін тірі болған. Бірақ жаралары ауыр болғандықтан, ол көп қан жоғалтып, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

"Мен бір қызды қағып кетті дегенді естіп, жүгіріп келіп қарасам, менің қызым жатыр. Ішек-қарны ақтарылып жерде жатқан еді. Мен келгенге дейін ол қозғалып жатқан екен. Ол қандай жүргізуші? Қайда қарап отыр?" - дейді қыздың әкесі Мургумшах Набиев. 

Набиевтер отбасында 4 бала бар. Залина отбасының кіші қызы.  13 сәуірде бүлдіршін 5 жасқа толуы керек еді.  

Қайтыс болған қыздың әкесі жүргізушіге қатаң жазалауды талап етеді. Автобусқа иелік еткен көлік компаниясы әзірге төтенше жағдай туралы түсініктеме берген жоқ. Жүргізуші қамауда. Полиция бұл істі тергеп жатыр.

"Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді Шымкент қалалық полиция департаменті анықтау бөлімінің басшысы Исфандияр Құралбаев. 

Егер жүргізуші толығымен кінәлі деп танылса, онда ол жұмыс істейтін көлік компаниясы да жауапқа тартылмақ.

Ал Молдағұлова көшесінің тұрғындары осы учаскеде автобустардың жүруіне толық тыйым салынғанын қалайды. Қайғылы оқиғадан кейін көпшілік балаларының өмірі үшін уайымдап қалған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр