Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сотталғандардың шағымына құзырлы органдар жауап берді

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Шымкенттегі абақтыға байланысты таралған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түрме

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте жақындарымызды түрмеде азаптауда деп бас көтерген болатын. 

Департамент өкілдері аталмыш оқиғадан кейін арнайы комиссия құрып, айтылған абақтыны тексерген. Бұған қоса, туыстары шағымданған сотталушылармен әңгіме жүргізіліпті. Комиссия мүшелері барлығы 50-ден астам түрмедегі азаматпен жеке-жеке сөйлесіп шыққан. 

"Түрме суық делінген еді. Дегенмен бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сотталушылар нысанның іші 22-23 градус жылы деген болатын Біз әрбір темір тор бөлмесін қарап шықтық, жеке өзіме түрменің іші ыстық болды. Жатақхана, қызметкерлер мен медициналық бөлім де жылы. Асханадағы тамақтар ас мәзіріне сәйкес" - дейді комиссия мүшесі Райхан Хобдабергенова. 

Шымкент қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысы Атэльбек Досмағамбетов те түрмедегі жағдай жайлы пікір білдірді. 

"Қызметкерлердің озбырлығы туралы хабарлауға болатын әдіс-тәсілдер жеткілікті. Бұдан бөлек, абақтыға үнемі тексеріс ұйымдастырылып, қоғамдық ұйым өкілдері келіп, жағдаймен танысып жатады. Тәжірибеге сүйенсек, сотталған азаматтар үкімдегі мерзіммен келіспегендіктен, осындай құйтырқыларға барады. Бұлайша олар өздеріне басқа да түрмедегі азаматтардың назарын аударғылары келеді", - дейді департамент басшысы Атэльбек Досмағамбетов. 

Сонымен қатар, департамент өкілдері комиссия тексере келе, айтылған шағымдар негізсіз, сотталушылар қажетті дүниелермен жабдықталған деген тоқтамға келгенін жеткізді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 09 Ақпан, 2021 21:09
Талқылау