Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуі бар әйелмен қатынаста болған": Түркістан облысында ер азаматты өлімші етіп сабағандардың соты жалғасуда

Сарыағашта күйеуі бар келіншекпен байланысқаны үшін қатыгездікпен өлтірілген 27 жастағы Әуезхан Баймырзаевтың ісі бойынша сот басталды. Күдікті ретінде әйелдің ағасы мен күйеуі ілініпті. Марқұмның туыстары күдіктілер жеіл бап бойынша сотқа тартылғанын айтуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

ер азамат

Марқұммен ойнас болған әйелдің күйеуі мен туған ағасы оны өлгенше сабапты. Күдіктілер өз кінәлерін жартылай мойындаған. 

"Сотталугы Ниязов Есенгелді мен Төлеш Шыңғысхан бірнеше адаммен топтасып, Баймырзаевты соққыға жыққан. Мұның арты жәбірленушінің өлімімен аяқталды. Сотталушылар қасақана әрекет еткені үшін жауапқа тартылуда", - деді мемлекеттік айыптаушы Ермек Әбдіғалиев. 

Еске салайық, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған оқиға былтыр көктемде орын алған. Әуезхан Баймырзаев көпбалалы анамен жасырын кездесіп жүрген. Тіпті, онымен болашақта тұру үшін бөлек үй де сатып алып қойыпты. Марқұмның ағасы келіншек өзінің күйеуімен ажырасуды ойлап жүргенін айтады. 

"Ол: ""Мен Әуезханмен тұрамын, басқа ешкіммен тұрғым келмейді. Менің күйеуім мені ұрып, күн көрсетпейді. Отбасымыздың берекесі кетті, сол үшін Әуезханмен тұрғым келеді" деп айтты", - дейді марқұмның ағасы Болат Баймырзаев. 

Екі жұптың арақатынасы жайлы әйелдің туыстары білгеннен кейін Әуезханды шақырып алып, аяқ-қолын байлап, өлімші етіп сабаған. Ол төрт күн бойы комада жатып, артынша көз жұмады. Бұзақылар марқұмды оның арбаға таңылған ағасының көзінше ұрып соғыпты. Болат Баймырзаевтың сөзінше, інісін алты адам жабылып ұрыпты. Алайда олардың тек екеуі ғана жауапқа тартылуда, қалған төрт азамат куәгер екен. 

"Прокуратура өкілдері, мемлекеттік айыптаушы және сотталушылардың сөзіне сүйенсек, марқұмды тек екеуі ғана соққының астына алған. Қалғандары тек қарап тұрыпты. Олардың арасында сотталушының достары, туған ағасы мен құда баласы бар. Олар - мымыр жігіттер", - деді жәбірленуші тараптың заңды өкілі Құрманғазы Мүсір. 

Жәбірленуші тарап тергеудің біржақты жүргізіліп жатқанына шағымдануда. Марқұмның ағасы мен қорғаушылар қылмыстың алдын ала жоспарланған екенін дәлелдемекші екен. 2020 жылы қазанда жәбірленуші тараптың шағымы қайта тергеуге жіберіліпті. Алайда прокуратураның апелляциясынан кейін іс қайта қаралмаған. 

Талқылау