Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қалай пәтер ұтып алуға болады?

Halyk Bank-тің ай сайынғы пәтерлер ұтыс ойынының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Бүгінгі күні екі жеңімпаз Алматының беделді аудандарының бірінен  пәтердің кілтін иеленіп отыр. Сіз де үй ұтып ала аласыз. Ол үшін тек Halyk Bank-тен несие рәсімдесеңіз болғаны. 

Halyk Bank 2020 жылдың 7 қыркүйегі мен 20 желтоқсан аралығында "Ай сайын пәтердің ұтыс ойыны" науқанын ұйымдастыруда. Жеңімпаздар тау бөктерінде орналасқан алматылық "Хан Тәңірі" тұрғын үй кешенінде жаңа пәтерге қол жеткізіп отыр. 

Ұтыс ойынына несие төлеуге қабілетті әрбір қазақстандық қатыса алады. 


Ұлан ауылының ұстазы Алматы қаласынан пәтер ұтып алды


Пәтердің ұтыс ойынына қатысу үшін не істеу керек? 

  • Homebank қосымшасы арқылы 200 мың теңгеден астам сомаға онлайн-несие рәсімдеу қажет. Ол үшін сіз банк бөлімшесіне бармай-ақ үйіңізде немесе жұмыста отырып, Homebank қосымшасын жүктеп, Halyk Bonus картасына тапсырыс беруіңізге болады. Картаны жеткізу тегін, ал онлайн-несиені аптаның кез келген күні рәсімдеуге болады;
  • Homebank қосымшасы арқылы 200 мың теңгеден астам сомаға банктің серіктес дүкендерінен онлайн бөліп төлеу немесе несие рәсімдеу; 
  • Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінде 500 мың теңгеден астам сомаға кепілсіз несие рәсімдеу;
  • 1 миллион теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлікті кепілге қоя отырып немесе ипотекалық қарыз алу. 

Бұған қоса, ұтыс ойынына қатысу үшін Homebank қосымшасының көмегімен банк ұсынатын қызметтерді төлеп тұру қажет. Мәселен, мобильді қосымша арқылы коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, интернет, салық пен айыппұл және т.б төлеуге болады. Ал әрбір жасалған төлем үшін 1% боныс сіздің шотыңызға түсіп отырады. Төлем көлемі кемінде 1000 теңгені құрауы керек, мерзімі әр айдың 20-шы күнінен аспауы тиіс. 

Ұтысқа қатысу үшін сізге жоғарыда айтылған шарттарды 20 желтоқсанға дейін орындау қажет: науқанның аяқталуына 10 күн ғана қалды. 

Науқан нәтижелері әр айдың соңына дейін анықталады. Кездейсоқ таңдалған жеңімпаздың есімі әлеуметтік желідегі банктің ресми парақшасында жарияланады. 

Толық ақпаратты Банктің сайтынан оқуға болады. 

Асығыңыз, мүмкін "Halyk Bank-тен ай сайын пәтер ұтысы" науқаны бойынша келесі үй сізді күтіп тұрған шығар. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Желтоқсан, 2020 11:28
Талқылау