Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мұғалімдерді қорлаған ата-аналар жазаланды

Жамбыл және Ақтөбе облыстарында мұғалімдерге тіл тигізгені үшін бірнеше ата-анаға айыппұл салынды. Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлзат Көбенова екі жағдайда да мұғалімдерді қорлағанын атап өтті.

"Біздің әр аймақтағы аумақтық департаменттеріміз мұғалімнің мәртебесі туралы заңды бұзатын істерді қарайды. Мұғалімдердің құқықтары бұзылған жағдайлар болды. Мысалы, Ақтөбе облысында ата-ана мұғалімнен жақсы баға қоюды талап етіп, ұятсыз сөздер айтқан. Мұғалім өз құқығын қорғау үшін біздің бөлімге жүгінді. Барлық мән-жайлар мен фактілер расталған кезде, Қазақстан ӘҚБтК-нің 409-бабы "Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын бұзу"бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ата-анаға 30 АЕК (68 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деді Гүлзат Көбенова.

Екінші жағдай Жамбыл облысында болды. Мұғалім аумақтық бөлімге ата-ананың балағат сөздермен қорлағанын айтып, шағымданған.

"Нәтижесінде Қазақстан ӘҚБтК-нің 409-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды (53 020 теңге). Шындығында, мұндай жағдайлар әлдеқайда көп болуы мүмкін. Сондықтан біз мұғалімдерді  үндемей қалмауға шақырамыз. Педагогтар қорғауда және олар кез келген уақытта өз құқықтарын талап ете алады", - деді комитет төрағасы.

Гүлзат Көбенованың айтуынша, соңғы жарты жылда педагогтардың құқықтарын бұзу мәселелері бойынша 40-тан астам әкімшілік іс қозғалған. Олардың барлығы "қисынды қорытындыға келді және бұзушыларға жазалау шаралары қолданылды".

Талқылау