Қазақстанда ипотеканы рәсімдеу процессі өзгереді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ипотеканы ресімдеу процесіне блокчейн технологиясын енгізу жөніндегі жоспарлар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін үкімет отырысында премьер-министрге ипотеканы рәсімдеудің күрделі процесін блокчейн технологиясымен алмастыруға уәде бердім. Ипотекаға пәтер сатып алғанда, кепілді тіркеу қажет. Бүгінде таңда, банктен құжаттарын алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күннен кейін ХҚКО-дан құжаттарды алып, оларды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі. Рәсімдеу кезіндегі бюрократияны шешу үшін Blockchain технологиясын қолдандық. Осы күрделі процесті тек сынақ форматында автоматтандырылды", - деп жазды Facebook парақшасында министр.
Бағдат Мусин бұл шара елге қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндірді.
"Ипотеканы ресімдеу мерзімдерін қысқарту және клиент деректерінің сақталуы. Мұндай жобалар басқа банктермен де іске асырылатын болады және құрылыс компаниялары да осы технологияға қызығушылық танытып, процеске тартылады деп үміттенеміз", - деді Бағдат Мусин.
Сондай-ақ, министр автокөлікті сатып алу-сату процесі өзгергенін хабарлады.
"Автокөлікті тіркеу онлайн режимінде қолжетімді болғанына қарамастан, азаматтар Маманданыдырылған ХҚКО-ға тікелей келіп, бірнеше уақытын жұмсауда. Мамандандырылған ХҚКО-ларға жыл сайын 3 млн астам азаматтар жүгінеді. Ұзақ қатарлы кезектер пайда болады.
Біз енгізген жаңа процесс - базада сатып алушы ақшаны сатушы автомобильдің шотына аударғаннан кейін бірден автокөлік иесін өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық мәселелерді жедел пысықтағаны үшін ІІМ әріптестеріне алғыс айтқым келеді. Бүгін ғана осындай ыңғайлы сервис пилоттық режимде Kaspi.kz қосымшада қолжетімді", - деп қорытындылады ол.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
