Емі жоқ: Ғалымдар өлімге әкелетін жаңа аурудың тарағанын айтты
Америкалық ғалымдар ерлерде қан түйіршігімен және безгегімен бірге жүретін өлімге әкелетін жаңа ауруды тапты.
40% жағдайда аурудың соңы өлімге әкелуі мүмкін. Осыған қатысты ғылыми медициналық мақала 27 қазанда The New England Journal of Medicine журналында жарияланды.
Басылымда VEXAS науқастарында дене қызуының жоғарылауы, тромбоздың жоғарылауы және өкпе тіндерінің қабынуы байқалады. Сондай-ақ, ауру өкпе мен шеміршек тініне әсер ететін қабыну процестері түрінде байқалады.
Бұл патологияны генетикалық мутация тудыратыны белгілі. Алдымен ауру үш ер адамнан табылды, содан кейін ол тағы 22 адамнан анықталды. Зерттеу соңында тағы 25 науқасқа ауру диагнозы қойылды.
Ғалымдар науқастардың нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін деп санайды. Сондай-ақ олар ешқандай емнің науқастарға көмектеспейтінін айтады.
«Бұл пациенттер шынымен қатты ауырады. Олар стероидтердің жоғары дозасынан бастап, әртүрлі химиялық терапия нұсқаларына дейін ешқандай емге жауап бермейді», - дейді жетекші автор Дэн Кастнер NBC News-ке.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
