Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мусин Қазақстанда 5G ұялы байланысын енгізу туралы айтты

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда 5G ұялы байланысын енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдат Мусин 5G енгізілгеннен кейін қазақстандықтар ескі ұялы байланыс стандарттары бар құрылғыларды қолдана алатынын айтты.

"5G-ге көшу республикалық маңызы бар қалаларда жоспарланған 2022 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Күтпеген жерден ауысулар болмайтынын түсіну маңызды. 3G және 4G стандарттарына қолдану мүмкін болады. Бұл дегеніміз 5G енгізілгеннен кейін де басқа құрылғыларды қолдана аласыз деген сөз", - деді министр ОКҚ-дағы онлайн брифингте журналистің сұрағына жауап бере отырып.



Бұрын Интернетте 5G толқындары адамдардың иммунитетін төмендетеді және денсаулығына зиян келтіреді деген хабарламалар болған.

Кейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кең таралған қауесетті жоққа шығарды. Ұйымның пікірінше, 5G ұялы байланыс желілері COVID-19 таралуына ықпал етпейді.

Еске салсақ, осыған дейін 5G интернет станцияларының зияны туралы министр пікір білдірген болаты.

Талқылау