Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Телефон мен теледидарға жақындамаңыздар": Қазақстанда мессенджерлерде 5G туралы хабарлама тарауда

Қазақстанда мессенджерлерде "Қазақстандағы 5G сынақтары" туралы жалған хабарлама таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық интернет қолданушылар бір-біріне белсенді түрде аудиожазба таратуда, онда белгісіз әйел "5G желісінің сыналуы, сол себепті елде теледидар мен радио таратылымы өшірілетіні туралы" ескерткен. Аудиожазба авторы қазақстандықтарды интернетті пайдаланбауға шақырған, өйткені оның пікірінше, бұл "денсаулыққа қауіпті" болуы мүмкін. Бірақ ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Кейбіреулердің мұрынынан, құлағынан қан ақты. Жалпы, қыздар, осы 5-6 күн, жұмыстан кейін келсек, кітап оқимыз, журналдар ақтарамыз - ешнәрсе етпейді. Теледидарды көрмеңіздер, телефонға жақындамаңыздар, ештеңе қоспаңыздао, сонда ғана балаларыңыздың, немерелеріңіздің денсаулығын сақтай аласыздар. Бұл сенімді ақпарат, нақты ақпарат, өйткені мемлекет не болатынын нақты айтпайды. Бұрақ осылай болатыны сөзсіз", - делінген жалған хабарламада.

"Қазтелерадио" бұл ақпаратты жоққа шығарды. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы жоспарлы алдын алу жұмыстарын тоқсан сайын хабар тарату сапасын жақсарту үшін жүргізеді.

"Құрметті абоненттер, қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде жерсеріктік және эфирлік телерадиохабар тарату желілерінде Жоспарлы алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы жалған ақпарат тарауда.

Осы ретте сіздерді үрейге бой алдырмай, тек ресми мәліметке сенулеріңізді сұраймыз.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады"", - делінген оператордың сайтында.

Жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізу туралы ақпаратты ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де растады.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Себебі бірнеше күн бұрын ұлттық оператор жерсеріктік және эфирлік желінің техникалық құралдарында сервисті жаба отырып, алдын алу жұмыстарын жүргізетінін жариялады. Бұл жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі. Олар сервисті өшіруге мүмкіндік беретінін ескере отырып, телерадио хабарларын тарату сапасын жақсарту үшін жүргізіледі. Осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі", - деді министрліктің ресми өкілі Максим Рожин.

Талқылау